ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ Таяу Шығысқа тағы бір әскери кеме жіберді
АҚШ президенті Дональд Трамп әскери шоғырландыру Тегеранды келіссөз үстеліне әкеледі деп үміттеніп отыр.
АҚШ Таяу Шығысқа тағы бір әскери кеме жіберді
АҚШ Таяу Шығысқа тағы бір әскери кеме жіберді / AP

Америкалық «CBS» телеарнасының бейсенбі күнгі хабарына сәйкес, Дональд Трамп ауқымды теңіз күштерінің Иранға қарай бет алғанын мәлімдегеннен кейін АҚШ Таяу Шығысқа тағы бір әскери кеме жіберді.

«CBS» мәліметінше, жіберілген кеме ˗ «Arleigh Burke» класындағы «Aegis»-пен басқарылатын «USS Delbert D. Black» зымыран жойғышы.

«CBS» дерегіне қарағанда, АҚШ Орталық қолбасшылығының жауапкершілік аймағындағы кемелер қатарында «USS Abraham Lincoln» әуе тасымалдаушысы, «USS Spruance», «USS Murphy», «USS Frank E. Petersen», «USS McFaul», «USS Mitscher» жойғыштары, сондай-ақ «USS Canberra», «USS Tulsa» және «USS Santa Barbara»  әскери кемелері бар.

Пентагон Тегеранмен шиеленіс жалғасып жатқан кезде әуе тасымалдаушы соққы тобын, заманауи жойғыш ұшақтарды және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін аймаққа жіберуді жалғастыруда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Иранға қоқан-лоққы көрсетті

Трамп сәрсенбі күні «Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізу үшін үстелге отырады»,- деп  үміт білдірді.

АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет бейсенбі күні Вашингтон Иранның ядролық қару иелену әрекетіне жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктерді қолдануға дайын екенін айтып, дипломатиялық келісімнің әлі де мүмкін екенін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Дональд Трамп Иранға ескерту жасады

АҚШ әскери шенеуніктері қаңтардың басында аймақ ауқымды қақтығысқа дайын емес екенін мәлімдеген болатын.

Иран армиясы шиеленіс ушыққан жағдайда кез келген шабуылға нақты, әрі жедел жауап берілетінін ескертті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ шабуыл жасаған жағдайда қарымта қайтаратынын мәлімдеді
Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді