ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Израильдің гуманитарлық көмек флотилиясын тоқтату әрекетін қарақшылық деп атады
Түркия Сыртқы істер министрлігі: «Бұл шабуыл Газа секторында атысты тоқтату әрекетін әлсіретпейді деп үміттенеміз», – деп мәлімдеді.
Түркия Израильдің гуманитарлық көмек флотилиясын тоқтату әрекетін қарақшылық деп атады
Түркия Сыртқы істер министрлігі / TRT World and Agencies

Түркия Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге ұмтылған флотилияға Израиль армиясы жасаған шабуылды «қарақшылық және халықаралық құқықты өрескел бұзу» деп атады.

Түркия Сыртқы істер министрлігі сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде құрамында түрік азаматтары мен депутаттары бар «Бостандық» флотилиясына жасалған бұл шабуыл геноцид саясатын жүргізіп отырған Израиль үкіметінің барлық бейбіт бастамаларға қарсы екенін, шиеленісті күшейтіп, бейбітшілік орнату талпыныстарына нұқсан келтіргенін атап өтті.

Анкара түрік азаматтарын босату үшін барлық қажетті шараның қабылданып жатқанын мәлімдеді. Министрлік сондай-ақ өзге елдердің азаматтарына қатысты да үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия «Sumud» флотилиясына жасалған шабуылдан кейін азаматтарының жағдайын қадағалап отыр

Израиль азық-түлік пен дәрі-дәрмек секілді гуманитарлық көмектің Газаға жеткізілуіне тосқауыл қойып, әлемдегі адам құқықтарын қорғау ұйымдары мен үкіметтер «ашаршылық» деп атаған ауыр жағдайдың туындауына себеп болды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Халықаралық белсенділер Газаға жол тартты, Израиль тосқауыл қоюға дайындалуда

Флотилия Израильдің Газаға бағытталған заңсыз қоршауын бұзуға тырысуда және Тель-Авивтің геноцид саясатына қарсы жүкті Израиль порттарына түсіруден бас тартып отыр.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті