ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Жарылмаған снарядтар Газа тұрғындарына қауіп төндіруде
“Handicap International” ұйымы соғыс басталғалы бері Газаға шамамен 70 мың тонна жарылғыш зат тасталғанын хабарлап, атысты тоқтату кезінде үйлеріне қайтып жатқан бейбіт тұрғындардың аса зор қауіпке тап болып отырғанын ескертті.
Жарылмаған снарядтар Газа тұрғындарына қауіп төндіруде
Қауіпсіздік өкілі оқ-дәрі қалдықтарын тексеруде [Мұрағаттық сурет] / Reuters

Ұйымның Палестинадағы директоры Анн-Клер Яиш: «Қауіп өте үлкен. Cоғыс басталғалы бері Газаға шамамен 70 мың тонна жарылғыш тасталды», — деді.

Handicap International – миналарды залалсыздандыру және жарылғыш заттардан зардап шеккендерге көмек көрсету ұйымы.

Газа соғысы кезінде жарылмаған бомбалар мен гранаталардан бастап оқ-дәрілерге дейін көптеген жарылғыш зат қала көшелерінде қалған.

Яиштің айтуынша: «Құлаған ғимараттар мен үйінділердің деңгейі өте жоғары. Газа – тығыз қоныстанған аймақ, ашық жерлер аз, сондықтан қауіп-қатер өте үлкен», -деді.

БҰҰ-ның Миналарға қарсы іс-қимыл қызметі (UNMAS) биыл қаңтар айында Газаға тасталған снарядтардың 5–10%-ы жарылмай қалғанын хабарлаған болатын.

Соңғы атысты тоқтату келісімі жұма күні күшіне енді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Дональд Трамп: "Газа соғысы аяқталды"

UNMAS 10 қазандағы атысты тоқтату режимінен бері техникалық көмек сұраныстары артқанын, сондай-ақ ұйымның бұрын қолжетімсіз аймақтарда гуманитарлық миссияларға шақырылғанын хабарлады.

Агенттік қазіргі уақытта Газа шекарасында үш брондалған көлік күтіп тұрғанын, бірақ қажетті құрал-жабдықтарды әкелу үшін Израильдің рұқсатын әлі ала алмай отырғанын айтты.

Іздеу
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Ресейдің Новороссийск қаласында бензин таусылды
Францияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты
Пәкістанда екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты
Австралияда «H5N1» құс тұмауына қатысты тағы бір күдікті жағдай анықталды
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті
Түркия Сириядағы шабуылды айыптады
Дамаскіде жарылыс болды