ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
ХАМАС алғашқы жеті тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырды
ХАМАС израильдік тұтқындарды босата бастады. Алғашқы жеті тұтқын Қызыл Крест ұйымына тапсырылды.
ХАМАС алғашқы жеті тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырды
ХАМАС алғашқы жеті тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырды / Reuters

Израильдің «Channel 12» телеарнасының хабарлауынша палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС израильдік тұтқындарды босата бастады. Ақпаратқа сәйкес, дүйсенбі күні ұйым атысты тоқтату келісімі аясында Газадағы жеті израильдік тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырған. Сондай-ақ 13 израильдік тұтқын Газаның орталығынан Гринвич уақытымен 07:00-де босатылмақ.

Израиль армиясы Қызыл Крест көліктерінің ХАМАС тарапынан босатылатын алғашқы тұтқындарды алып кету үшін жолға шыққанын растады. Таңертең ХАМАС-тың қарулы қанаты Кассам бригадалары Газа секторында атысты тоқтату және тұтқын алмасу келісімі аясында 20 израильдік тұтқынды аман-есен босатуға шешім қабылдағандарын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израильдің хабарлауынша, Газа секторында кепілге алынғандарды босату таңғы сағат 8-де басталады

Топтың хабарлауынша, босатылатын тұтқындардың есімдері төмендегідей: Элкана Бохбот, Матан Ангрест, Авинатан Ор, Йосеф-Хаим Охана, Алон Охел, Эвьятар Давуд, Гай Гильбоа-Далал, Ром Брасловский және егіз Гали мен Зив Берман, Эйтан Мор, Сегев Кальфон, Максим Херкин, Эйтан Хорн, Бар Куперштейн, Омри Миран және ағайынды Давид пен Ариэль Кунио.

Израиль медиасының мәліметінше, тұтқындарды босату екі кезеңде жүзеге асырылады. Екінші кезең жергілікті уақыт таңғы 10:00-де (GMT 07:00) Хан Юнус аймағы мен Газаның орталығындағы босқын лагерьлерінде өтеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Келісім аясында 1,968 палестиналық тұтқын босатылады

Дүйсенбі күні израильдіктер Тель-Авив соғысынан кейін аман қалған соңғы 20 тұтқынды қарсы алуға дайындалып жатса, ал палестиналықтар Израиль түрмелерінде отырған жүздеген адамның босатылуын тағатсыздана күтуде.

Бұл тұтқын алмасу АҚШ президенті Дональд Трамп пен Мысыр президенті Абдул Фаттах әл-Сиси тең төрағалық ететін Газадағы атысты тоқтату жөніндегі бейбітшілік саммиті басталардан бірнеше сағат бұрын болды. Саммит Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтеді.

Саммитке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Франция президенті Эммануэль Макрон, Иордания королі ІІ Абдулла, Бахрейн королі Хамад бен Иса әл-Халифа, Ұлыбритания премьер-министрі Киир Стармер, Испания премьер-министрі Педро Санчес, Италия премьер-министрі Джорджия Мелони, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф және Германия канцлері Фридрих Мерц бастаған 20-дан астам әлем көшбасшысы қатысады.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты