САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран министрі: “Бейбіт келісімнің алғашқы шарты – Ливандағы атысты тоқтату”
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Израильдің Ливандағы шабуылдарының тоқтатылуын қоса алғанда, барлық майдандағы соғыстың аяқталуы Иран мен АҚШ арасындағы қақтығысты тоқтатудың негізгі шарты болғанын мәлімдеді.
Иран министрі: “Бейбіт келісімнің алғашқы шарты – Ливандағы атысты тоқтату”
[МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ] Иран министрі: “Бейбіт келісімнің алғашқы шарты – Ливандағы атысты тоқтату” / Reuters

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи:

«Ливан мен Иран майдандары белгілі бір деңгейде өзара байланысты әрі бір-біріне тәуелді болды. Иран Ислам Республикасы Ливандағы соғыстың аяқталуын Иранға қарсы соғысты тоқтатудың алғышарты ретінде қарастырды», – деді.

Аракчи сейсенбі күні Тегеранда өткен халықаралық миссиялар өкілдерінің кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Енді соғысты тоқтатқандықтан, Ливандағы соғыс та аяқталады», – деді.

Ол Ливандағы бітімді АҚШ-пен жақында жарияланған келісімнің «ажырамас бөлігі» деп атады.

Иран министрінің айтуынша, АҚШ пен Израильге қарсы 28 ақпанда басталған соғыс Иран уақыты бойынша дүйсенбі күні таңертең аяқталған, ал өзара түсіністік туралы меморандум жұма күні ресми түрде күшіне енеді.

Сонымен қатар, Иранның жартылай ресми Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Швейцарияда басталатын АҚШ–Иран келіссөздері екі кезеңнен тұрады.

Аракчидің айтуынша, бірінші кезеңде:

·       Ормуз бұғазы мәселесі,

·       теңіз қатынасына қатысты шектеулер,

·   Иранның соғыстан кейінгі инфрақұрылымын қалпына келтіру мәселелері қарастырылады.

Екінші кезеңде:

·     ядролық бағдарламаға қатысты мәселелер,

·    санкцияларды алып тастау мәселесі талқыланып, олар түпкілікті келісім арқылы шешіледі.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ормуз бұғазы кеме қатынасына қайта ашылады
Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды