САЯСАТ
2 ... минут оқылды
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
БҰҰ өкілі барлық өткелдердің мүмкіндігінше қысқа мерзімде қайта ашылуы шарт екенін мәлімдеді.
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты» / Reuters

БҰҰ дүйсенбі күні Израильдің Газаға ашылатын барлық өткелдерді жапқанын және Израиль күштері басып алуды жалғастырып жатқан аймақтарда, әрі олардың маңында гуманитарлық қозғалысты тоқтатқанын хабарлады.

БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик баспасөз мәслихатында «Израиль билігі Рафахты қоса алғанда барлық өткелдерді жапты және Газада Израиль әскерлері орналасқан аумақтарда және оның айналасында гуманитарлық көмекті тоқтатты. Сонымен қатар біздің гуманитарлық қызметкерлердің жоспарланған ротациясын да кейінге қалдырды», - деді.

Дюжаррик Газа халқының тұрақты көмек жеткізіліміне тәуелді екенін атап өтіп, «Осы шектеу салдарынан медициналық эвакуация мен Газаға қайта оралу тоқтатылды. Өздеріңіз білесіздер, Газадағы халық сырттан келетін тұрақты гуманитарлық, әрі коммерциялық тауар ағынына мұқтаж. Сақтау мүмкіндігінің шектеулі болуы мен соғыстан қираған инфрақұрылымды ескерсек, біз және серіктестеріміз жалғасып жатқан шектеулерге қарамастан тұрақты тауар ағынын қамтамасыз ету үшін көп жұмыс істедік. Алайда толық қоршау жағдайында бұл мүмкін емес», - деді.

Ол барлық өткелдерді мүмкіндігінше тез арада қайта ашу қажеттігін айтып, Израиль күштері басып алынған Батыс Шериядағы бақылау бекеттерінің көпшілігін жапқанын, бұл қалалар мен аймақтар арасындағы қозғалысты шектеп, халықтың күнкөрісіне және қызметтерге қолжетімділігіне кері әсер етіп отырғанын жеткізді.

«Халықаралық гуманитарлық құқық айқын. Біз күн сайын, тіпті күніне бірнеше рет айтамыз. Бейбіт тұрғындар қорғалуы тиіс, ал гуманитарлық көмектің кедергісіз кіруі, қозғалысы және таратылуын қоса алғанда негізгі қажеттіліктер қамтамасыз етілуі қажет», -  деп қосты ол.

Сенбі күні таңертең Америка Құрама Штаттары мен Израиль Иран режимі төндіріп отырған «қауіпті» жою мақсатында Иранға қарсы бірлескен шабуыл бастағанын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Иран аймақтағы Израиль мен АҚШ базаларын зымырандар және ұшқышсыз әуе аппараттарымен нысанаға алды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады

Израиль ел аумағында арнайы және дереу күшіне енетін төтенше жағдай жариялады.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
АҚШ сенаторы Сандерс Израильге әскери көмек көрсетуді тоқтатуға шақырды
Украинаға “Patriot” зымырандарын беру мәселесі шешілмеді
АҚШ қорғаныс министрі Нетаньяхумен кездесті
Франция президенті Парсы шығанағы елдеріне сапарын бастады
Аракчи: «Нетаньяху АҚШ-ты соғысқа итермелеуде»
Палестина балаларды қорғау үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекет етуге шақырды
Ираннан Трампқа: «АҚШ-тың аймақта болмысына алаңдаушылық білдіреміз»
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
Хорватия: «Сербия әскери әлеуетін арттырып жатыр»
19 ел Колумбияның Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»