ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Қырымда дрон шабуылынан үш адам қаза тапты
Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, Украинаның Қырым түбегіне жасаған шабуылы салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, жеті адам жараланған.
Қырымда дрон шабуылынан үш адам қаза тапты
Қырымда дрон шабуылынан үш адам қаза тапты / AP

Ресей тағайындаған Қырым басшысы Сергей Аксёнов «Telegram» желісінде жариялаған мәлімдемесінде: «Алдын ала мәлімет бойынша, Симферопольдегі ғимараттарға жасалған шабуылда үш адам қаза тауып, жеті адам жараланды», – деді. Ол шабуыл туралы қосымша ақпарат бермеді.

Украина президенті сәрсенбі күні Украина күштері Санкт-Петербургте маңызды экономикалық форум өтіп жатқан кезде Ресейдің бірқатар стратегиялық нысанына, соның ішінде Санкт-Петербург мұнай терминалына соққы жасағанын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды

Зеленский «X» әлеуметтік желісіндегі жазбасында бұл нысанның Украина шекарасынан шамамен 1100 шақырым қашықтықта орналасқанын айтып, Киевтің алыс қашықтықтағы соққы беру мүмкіндігіне назар аударды.

Оның сөзінше, украиналық күштер Ресейдің Кронштадттағы әскери нысандарына да соққы жасаған.

Зеленский тағы бір нысан ретінде майдан шебінен шамамен 600 шақырым қашықтықтағы Ресейдің Тамбов облысында орналасқан қару-жарақ өндірісі зауытын атады.

Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов «Telegram»-дағы мәлімдемесінде таңертең Кронштадт, Киров және Красносельск аудандарындағы инфрақұрылым нысандары украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттарының нысанасына айналғанын хабарлады.

Беглов бірнеше нысанның зақымданғанын атап өтті. Бірақ нақты қайсысы екенін нақтылаған жоқ.

«Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бірнеше адам жараланды. Қаза тапқандар жоқ», – деді ол.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты