ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Украина Ресейдегі мұнай қоймасына ауқымды дрон шабуылын жасады
Украинаның дрондары Ресейдің бірнеше энергетикалық нысанын атқылады.
Украина Ресейдегі мұнай қоймасына ауқымды дрон шабуылын жасады
Дрон шабуылдары Украинаның Ресей аумағына жететін мүмкіндігінің көбейгенін көрсетті. / AP

Ресейдің жергілікті билік өкілдері дүйсенбі күні елдің оңтүстігіндегі мұнай қоймасының дрон шабуылынан кейін өртенгенін хабарлады.

Өңір басшылығының мәліметінше, шабуылдан соң Краснодар аймағындағы Лабинск қаласындағы қойма отқа оранған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай қызметтері өртті бақылауға алуға тырысуда, алайда билік келтірілген шығынның нақты көлемін айтқан жоқ.

Бұл өңір Ресейдің энергетикалық және әскери инфрақұрылымына қарсы кеңейіп келе жатқан әуе операциясының бір бөлігі ретінде Украина дрондарының бірнеше мәрте нысанасына айналды.

Өткен аптада Тихорецк маңындағы мұнай нысанына, Афипский мұнай өңдеу зауытына және Кавказ портына жақын орналасқан нысандарға шабуыл жасалған.

Осы арада Ресей демалыс күндері Украинаның Мәскеуге қарсы ең ауқымды дрон шабуылдарының бірін жүзеге асырғанын мәлімдеді.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, әуе қорғаныс жүйелері екі күн ішінде «камикадзе» үлгісіндегі көптеген дрон толқынына тойтарыс берген.

“ТАСС” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі бір түннің ішінде кемінде 145 дронның атып түсірілгенін, олардың 53-і Мәскеу облысында болғанын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленскийден немесе украиналық шенеуніктерден бұл шабуылдарға қатысты бірден ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда

Украина келіссөздерге дайын

Зеленский АҚШ соғысты тоқтату мақсатында Ресеймен үшжақты кездесуді Америка аумағында өткізуді ұсынғанын айтқан болатын.

Ол жексенбі күні Киевте сөйлеген сөзінде бұл кездесудің келесі аптаға шегерілгенін мәлімдеді.

Зеленский: «Бұл — соғысқа қатысты мәселе. Олар [америкалықтар] Америкада кездесуге дайын. Біз де дайын екенімізді айттық. Ресейліктер Америкаға баруға дайын емес. Сондықтан америкалықтардың жауабын күтіп отырмыз», — деді.

Украина басшысы сондай-ақ Вашингтон немесе Мәскеу басқа бір жер ұсынса, Киевтің басқа елде де келіссөз өткізуге ашық екенін қосты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Харьков облысындағы шабуылда үш бала қаза тапты
Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді