ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран АҚШ күштері Ормуз бұғазына кірген жағдайда шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы Ормуз бұғазына жақындаған басқыншы Америка күштерінің нысанаға алынатынын мәлімдеді.
Иран АҚШ күштері Ормуз бұғазына кірген жағдайда шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Иран АҚШ күштері Ормуз бұғазына кірген жағдайда шабуыл жасайтынын мәлімдеді / Reuters

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы дүйсенбі күні АҚШ күштері Ормуз бұғазына жақындауға немесе кіруге әрекет жасаса, соққыға ұшырайтынын ескертіп, аймақтағы шиеленісті одан әрі арттырды.

Иран мемлекеттік телеарнасы таратқан мәлімдемеде «Кез келген шетелдік қарулы күштер, әсіресе басқыншы Америка күштері Ормуз бұғазына жақындауға немесе кіруге әрекет жасаса, шабуыл жасалатынын ескертеміз», – делінген.

Мәлімдемеге сәйкес, бұғаздан өту кез келген жағдайда Тегеранның келісімі арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондай-ақ кемелер мен танкерлердің келісімсіз бұғаздан өтпеу керектігі айтылып, мұндай әрекет олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні ескертілді.

Бұған дейін АҚШ Орталық қолбасшылығы, АҚШ президенті Дональд Трамптың «Бостандық жобасы» аясында Америка күштері Ормуз бұғазынан еркін өтуді қалайтын коммерциялық кемелерге қолдау білдіретінін хабарлаған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін одақтастарына жаңа коалиция құру туралы үндеу тастауда

«X» желісінде жарияланған мәлімдемеде: «АҚШ күштері 4 мамырдан бастап Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелердің навигациялық еркіндігін қалпына келтіру үшін «Бостандық жобасын» жүзеге асырады», – делінген.

Аймақтағы шиеленіс 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылы мен оған жауап ретінде Тегеранның Парсы шығанағындағы Израиль нысандары мен АҚШ одақтастарына қарсы қарымта соққысымен күшейе түсті.

Вашингтон 13 сәуірден бері Ормуз бұғазына бағытталған теңіз қоршауын жүзеге асырып келеді.

8 сәуірде Пәкістанның араағайындығымен екі апталық атысты тоқтату келісімі жарияланып, 11 сәуірде Исламабадта келіссөздер өтті, алайда тұрақты келісімге қол жеткізілмеді. Кейін Дональд Трамп Пәкістанның өтінішімен бітімді ұзартты.

Иранның бұл мәлімдемесі Ибрахим Азизидің ескертуінен кейін жасалды. Ол Ормуз бұғазындағы жаңа теңіз тәртібіне АҚШ-тың араласуын «атысты тоқтату режимін бұзу» деп бағалайтынын айтқан.

Азизи «X» желісіндегі жазбасында «Бұғазды Вашингтон басқарады» деген пікірді жоққа шығарып, «Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағы Трамптың қиялға негізделген жазбаларымен басқарылмайды»,-  деп мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа” ұқсас бір кезеңге айналып барады
Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады