ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израильдік заңсыз қоныстанушылар Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Басып алынған Шығыс Иерусалимде тұратын палестиналықтар қоныстанушылардың басып кіруі кезінде жиі қысымға ұшырайды.
Израильдік заңсыз қоныстанушылар Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Израильдік заңсыз қоныстанушылар Әл-Ақса мешітіне басып кірді / Reuters

Жексенбі күні Палестина БАҚ-тарының хабарлауынша, Рамазан айының бесінші күні ондаған израильдік қоныстанушы басып алынған Шығыс Иерусалимде орналасқан Әл-Ақса мешіті кешеніне кірген.

Палестинаның ресми «WAFA» ақпарат агенттігінің мәліметінше, қоныстанушылар Израиль полициясының қорғауымен қасиетті аумаққа кіріп, мешіт ауласында Талмуд кітабынан арандатушылық сипаттағы діни рәсімдер жасаған.

Агенттік бұл басып кіру Израильдің Әл-Ақса мешіті мен Шығыс Иерусалимде демографиялық өзгерістер жасауға бағытталған қайталанатын шараларының бір бөлігі екенін хабарлады.

Шығыс Иерусалимде тұратын палестиналықтар қоныстанушылардың басып кіруі кезінде құлшылық жасап жатқан адамдарға шабуыл жасаудан бастап, мешітке кіруге қойылатын шектеулерге дейін түрлі қысымға жиі ұшырайды.

ҚатыстыИзраильдік асыра діншілер Әл-Ақса мешітіне басып кірді - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Палестинамен қатар көптеген араб және мұсылман елінде сәрсенбі күні Рамазан айы басталды.

Қауіпсіздік шаралары

Израиль жыл сайын Рамазан айында  Шығыс Иерусалим мен оның маңында қауіпсіздік шараларын күшейтіп, палестиналықтардың Әл-Ақса мешітіне кіруіне қатаң шектеулер енгізеді.

Израиль полициясы Иерусалимдегі Ислам қоры басқармасының бұл шараны тоқтатуға қатысты бірнеше мәрте жасаған шақыруларына қарамастан, 2003 жылы қоныстанушылардың мешіт кешеніне кіруіне рұқсат берді.

Әл-Ақса мешіті мұсылмандар үшін үшінші ең қасиетті орын. Ал еврейлер бұл аумақты «Ғибадатхана төбесі» деп атап, ежелгі дәуірде мұнда екі еврей ғибадатханасы болғанын алға тартады.

Палестиналықтар Әл-Ақса мешіті орналасқан Шығыс Иерусалимді болашақ мемлекеттерінің астанасы ретінде көреді, ал Израиль Иерусалимнің шығыс және батыс бөліктерін қоса алғанда, бүкіл қаланы өзінің астанасы деп есептейді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Оккупацияланған Шығыс Иерусалим маңында жаңа заңсыз Израиль қонысы құрылды

 

Іздеу
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
АҚШ Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастырады
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды