САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран АҚШ-тың шарттарын сынға алды
Иран бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ барлық қақтығыстардың тоқтатылуын келіссөздердің басталу шарты ретінде қойған.
Иран АҚШ-тың шарттарын сынға алды
Ирандық БАҚ: "АҚШ-тың Иран ұсынысына берген жауабында «ешқандай нақты жеңілдік» жоқ" / Сурет: AFP

Fars ақпарат агенттігі Вашингтонның жексенбі күні бес тармақтан тұратын тізім ұсынғанын хабарлады. Онда Иранға тек бір ядролық нысанды жұмыс істеп тұруға рұқсат беру және жоғары деңгейде байытылған уран қорын АҚШ-қа тапсыру талабы қамтылған.

Fars мәліметінше, АҚШ Иранның шетелде бұғатталған активтерінің 25 пайызын болса да босатудан немесе 28 ақпанда басталған соғыс кезінде Иранға келтірілген шығын үшін өтемақы төлеуден бас тартқан.

Хабарда АҚШ барлық майдандардағы қақтығыстардың тоқтатылуын келіссөздердің басталуына шарт етіп қойғаны айтылды.

Mehr ақпарат агенттігі: «АҚШ нақты ешқандай жеңілдік ұсынбастан, соғыс кезінде қол жеткізе алмаған талаптарын алуға тырысып отыр. Бұл келіссөздерді тығырыққа тірейді», - деп бағалады.

Иран өз ұсынысында Израильдің Ливанға қарсы соғысын қоса алғанда барлық майдандардағы соғыстың тоқтатылуын және 13 сәуірден бері Иран порттарына қарсы қолданылып келе жатқан АҚШ теңіз блокадасының алынуын талап еткен болатын.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өткен аптадағы баспасөз мәслихатында хабарланғандай, Тегеран сондай-ақ АҚШ-тың барлық санкцияларының жойылуын және ұзақ уақыттан бері санкциялар аясында шетелде бұғатталған ирандық активтердің босатылуын талап етті.

Fars агенттігінің хабарлауынша, Иран өз ұсынысында соғыс басталғаннан бері көбіне жабық ұстап отырған Ормуз бұғазын бақылауды сақтап қалуға ерекше мән берген.

Иран Қарулы күштерінің өкілі Әбулфазл Шекарчи жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трампқа Иранға қарсы шабуылдарды қайта бастамау жөнінде ескерту жасады.

Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, Шекарчи: «Амалсыз қалған Америка президенті мынаны білуі тиіс: егер оның қоқан-лоққылары іске асырылып, Иран қайтадан шабуылға ұшыраса, АҚШ ресурстары мен әскері бұрын-соңды болмаған, шабуылдаушы, күтпеген әрі күйреткіш сценарийлерге тап болады», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Тегеран мен Вашингтон келісімге келе алмады
Іздеу
Иранды басып алу жоспарын ұсынды
Иордания Сыртқы істер министрі Иранның шабуылдарын «қарымта әрекет емес» деп мәлімдеді
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
Нетаньяху Иран билігін құлатуды «басты міндет» деп атады
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
"АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким "кез келген уақытта" кездесуі мүмкін"
Ресей: «Украинаның энергетика, әскери және порт нысандарын нысанаға алдық»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады
Суданда Жедел қолдау күштері шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты
"Мен АҚШ президенті болмасам, Израиль жойылып кетер еді"
Иран: «Ормуз бұғазынан заңсыз өтпек болған супертанкер минаға соғылып, өртке оранды»