САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран Парсы шығанағындағы АҚШ нысандарына 5 400-ден астам шабуыл жасады
Деректер Парсы шығанағындағы елдердің 28 ақпандағы шиеленістен бері мыңдаған зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жойғанын көрсетеді.
Иран Парсы шығанағындағы АҚШ нысандарына 5 400-ден астам шабуыл жасады
Иран Парсы шығанағындағы АҚШ нысандарына 5 400-ден астам шабуыл жасады / AP

Дүйсенбі күні таңертең жиналған ресми мәліметтерге сәйкес, Иран 28 ақпаннан бері жеті араб еліндегі АҚШ-тың базалары мен маңызды орындарын нысанаға алып, кемінде 5 471 зымыран және ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасаған.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылдары мен Тегеранның қарымта соққылары жалғасып жатқан тұста, Парсы шығанағы елдеріндегі көптеген стратегиялық нүкте нысанаға алынды.

Шабуылдан зардап шеккен елдердің Қорғаныс министрліктері мен ресми ақпарат орталықтарынан алынған мәліметтерге қарағанда, ең көп зардап шеккен ел – Біріккен Араб Әмірліктері.

БАӘ Қорғаныс министрлігі шабуылдар басталғалы бері қорғаныс жүйелері 414 баллистикалық зымыранды, 15 қанатты зымыранды және 1 914 ұшқышсыз ұшу аппаратын жойғанын хабарлады.

Кувейттің ақпарат орталығы мен әскерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 309 баллистикалық зымыран мен 616 ұшқышсыз ұшу аппараты жойылған.

Бахрейн Қорғаныс күштерінің бас қолбасшылығы осы кезеңде 174 зымыран мен 391 ұшқышсыз ұшу аппаратының залалсыздандырылғанын хабарлады.

Катар Қорғаныс министрлігі елге бағытталған 206 баллистикалық зымыран мен 93 ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылын тіркегенін мәлімдеді.

Иордания армиясы қақтығыс барысында 262 зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылы тіркелгенін хабарлады.

Сауд Арабиясы өз аумағына кемінде 52 зымыран мен 1 006 ұшқышсыз ұшу аппараты бағытталғанын жеткізді.

ҚатыстыИран шабуылынан кейін Эр-Риядтағы АҚШ елшілігінен түтін көтерілді - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Оман болса 19 ұшқышсыз ұшу аппаратының нысанасына айналғанын хабарлады.

Аймақтық шиеленіс 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бастаған және сол кездегі рухани көсем Аятолла Әли Хаменейді қоса алғанда 1 340-тан астам адамның қаза табуына әкелген шабуылдан кейін күшейе түсті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады

Иран Израиль, Иордания, Ирак және АҚШ әскери күштері орналасқан Парсы шығанағы елдеріне зымыран және ұшқышсыз ұшу аппаратымен қарымта соққы жасады. Бұл шабуылдар адам шығынына және инфрақұрылымның күйреуіне әкелді. Сондай-ақ жаһандық нарық пен авиация саласына да кері әсер етті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ-тың  мұнай танкеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді
Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады