САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль Қорғаныс министрі геноцидті қайта бастайтынын айтып, сес көрсетті
Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац Хамас бітім келісімін орындамаса, израильдік әскери күштерінің Хамасты езу жоспарын дайындап жатқанын айтты.
Израиль Қорғаныс министрі геноцидті қайта бастайтынын айтып, сес көрсетті
Израиль Қорғаныс министрі геноцидті қайта бастайтынын айтып, сес көрсетті / Reuters

Израиль Қорғаныс министрі Хамас бітім келісімін орындамаса геноцидті қайта бастайтындарын және армияға палестиналық тойтарыс ұйымын жою үшін жоспар дайындауды бұйырғанын айтты.

Кацтың кеңсесі сәрсенбі күні жариялаған хабарламада: «Хамас келісімді орындамаған жағдайда Израиль АҚШ-пен бірге Хамасты толығымен жеңу, Газадағы жағдайды өзгерту және соғыстың барлық мақсаттарына жету үшін қайтадан соғысты бастайды», - делінген. Кац сондай-ақ Газадағы жер асты өткелдерін жою негізгі әскери мақсаты екенін атап өтіп, Израильдің АҚШ басшылығындағы халықаралық күшпен бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Бұл мәлімдемеден бұрын Хамастың қарулы қанаты Кассам бригадасы Израильдің әуе соққылары кезінде қаза тапқан екі израильдік тұтқынның мәйітін тапсырғанын хабарлаған болатын.

Палестина ұйымы қалған мәйіттерді шығару үлкен күш-жігер мен арнайы құрал-жабдықты талап ететінін және бұл істі толықтай жабу үшін жауапты қызметкерлер жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Кез келген сәтте қайта басталуы мүмкін»

Екі тарап та АҚШ, Катар, Түркия және Мысырдың араағайындығымен орнаған бітімді сақтап қалуға тырысуда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия, Мысыр, Катар және АҚШ Газа бітім келісіміне қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда жасаған мәлімдемесінде, егер Хамас келісімнің шарттарын орындамаса, Израильдің Газадағы қырғынды кез келген сәтте қайта бастай алатыны жөнінде ескертті. Трамп: «Израиль қаласа, екі жылға созылған соғыс кезінде-ақ Хамасты жоя алар еді», – деді. Сондай-ақ АҚШ әкімшілігінің бітімнің орындалуын мұқият бақылап отырғанын атап өтті.

Өткен апта жасалған бітім келісімі кезең-кезеңімен тұтқын алмасуды, Израиль армиясының Газадан біртіндеп шығарылуын көздейді, алайда Израиль бітімге қарамастан палестиналықтарды өлтіруді жалғастыруда.

Араағайын елдер келісімнің келесі кезеңін қамтамасыз етуге және Израильдің Газадағы геноцид соғысының қайта басталуын алдын алуға күш салып жатқанымен аймақтағы шиеленіс әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді