САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Мысыр БҰҰ-ны жедел әрекет етуге шақырды
Мысыр Сыртқы істер министрі Бедир Абдулати Нетаньяху атысты тоқтату келісімін бұзып, Газада соғысты қайта бастау ықтималдығына байланысты мәлімдеме жасады.
Мысыр БҰҰ-ны жедел әрекет етуге шақырды
Мысыр БҰҰ-ны жедел әрекет етуге шақырды / Reuters

Мысыр Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесін Газаға халықаралық бейбітшілікті сақтау күштерін жіберу үшін шұғыл әрекет етуге шақырды және бұл мәселеде кешігудің АҚШ қолдайтын бейбіт жол картасына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Мысыр Сыртқы істер министрі Бедир Абдулати дүйсенбі күні Біріккен Араб Әмірліктерінің «The National» газетіне берген сұхбатында Каирдің қираған аймақта гуманитарлық көмекті үйлестіру және қайта қалпына келтіру үдерісін қадағалау үшін халықаралық тұрақтылық күші мен «Бейбітшілік кеңесін» құру бастамасын қолдайтынын айтты.

Бұл жоспар АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған бастаманың бір бөлігі, яғни 10 қазандағы атысты тоқтату келісімінен кейінгі кезеңді қамтиды. Бұл үдеріс палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС-ты қарусыздандыру мен көпұлтты күштің аймаққа орналастырылуын көздейді.

ҚатыстыTRT Қазақ - ХАМАС келіссөздерінің алғашқы кезеңі нәтижелі өтті

Абдулати Газаның Палестинаның қарамағында қалуы тиіс екенін атап өтіп, БҰҰ қарарының бейбітшілік күштерін заңдастырып, олардың мандатын нақтылау үшін шешуші маңызға ие екенін жеткізді.

«Мұндағы міндет -  бейбітшілікті сақтау, оны күштеп орнату емес», - деді ол. Сондай- ақ құрамына Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр секілді тұлғалар кіруі мүмкін «Бейбітшілік кеңесі» полиция, басқару және халықаралық гуманитарлық көмектердің жеткізілуін ұйымдастыруға да атсалысатынын айтты.

АҚШ әкімшілігі өңірдегі тұрақсыздыққа алаңдаулы. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Израильге соңғы сапарын Нетаньяхудың атысты тоқтату келісімін бұзып, соғысты қайта бастау ықтималдығына байланысты жүзеге асырды.

 

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр