ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Израильді айыптады
Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі, елші Ахмет Йылдыз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жоғары деңгейдегі отырысында АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын толық жүзеге асыруға шақырды.
Түркия Израильді айыптады
Түркия Израильді айыптады / Reuters

Түркияның БҰҰ-дағы өкілі Израильдің біржақты қадамдары басып алынған Батыс Шериядағы заңсыз операцияларын нығайтуды көздейтінін атап өтіп, Израильді атысты тоқтату режимін толық орындауға және Газадан түбегейлі шығуға шақырды.

Сәрсенбі күні Палестинадағы жағдайға арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жоғары деңгейдегі отырысында сөз алған Ахмет Йылдыз әлем назары Газадағы бітімде болған кезде, басқыншы күштің Батыс Шериядағы заңсыз операциясын нығайтуды мақсат еткен біржақты әрекеттерді жалғастырып отырғанын айтты.

Йылдыз: «Түркия Қауіпсіздік кеңесінің 2803 қарары мен АҚШ президенті Дональд Трамптың 20 тармақтан тұратын жоспарын негізге алып, атысты тоқтату жөніндегі келісімдердің толық орындалуын талап етеді», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Газа Бейбітшілік кеңесінің құрылғанын жариялады

Ол атысты тоқтату, адам шығынының алдын алу, гуманитарлық көмек жеткізу, қалпына келтіру жұмыстары мен мазмұнды саяси диалогқа жол ашу үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар ол соңғы шабуылдар мен гуманитарлық көмекке қойылған шектеулерді айыптап, Газаға жеткізілетін көмектің көлемін едәуір арттыру және оның кедергісіз жетуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Газада атысты тоқтату келісімін бұзуда

Йылдыз қалпына келтіру және қайта құру процесін жүзеге асыру үшін Израильдің Газадан толық шығуы қажет екенін атап өтіп, Түркияның қайта қалпына келтіру жұмыстарына белсенді қатысуға дайын екенін жеткізді.

Батыс Шерия мәселесіне тоқталған ол Анкараның Израильдің басқыншы әрекеттеріне қарсы екенін тағы да қайталап, «Кез келген аннексияға үзілді-кесілді қарсымыз», - деді. Израильдің басып алынған Батыс Шериядағы операциясын кеңейтуге бағытталған біржақты шараларын «халықаралық құқықтың өрескел бұзылуы» деп бағалады.

Йылдыз халықаралық қауымдастық пен Қауіпсіздік кеңесін құқықтық, әрі моральдық міндеттерін орындауға шақырып, «Кеңес Израильді басып алынған Батыс Шериядағы шиеленісті  тоқтатуға, атысты тоқтату келісімдерін толық орындауға және заңсыз басқыншылығын аяқтауға мәжбүр етуі тиіс», - деді.

Елші сондай-ақ «Газадағы бітімнен кейін қалыптасқан серпін екі мемлекет негізіндегі шешімді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Түркия бұл үдерістерде сындарлы, жауапты және сенімді серіктес ретінде әрекет етуді жалғастырады», - деп қорытындылады.

 

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді