ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«АҚШ пен Иран арасындағы келісімді сақтау аса маңызды»
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қатысты «Келісімнің сақталуы және тараптардың үдерісті парасатты әрі жауапты ұстаныммен жалғастыруы аса маңызды»,- деді.
«АҚШ пен Иран арасындағы келісімді сақтау аса маңызды»
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш: «АҚШ пен Иран арасындағы келісімді сақтау аса маңызды»

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қатысты пікір білдірді.

Куртулмуш АҚШ пен Иран арасындағы келісімнің өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығаюына ықпал ететініне сенім білдірді. Ол соғыс пен шиеленісті тоқтатуға бағытталған бұл қадамды құптайтындарын жеткізді.

«Түркия бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы бастамаларын жалғастыра береді»

Бұл келісімге қол жеткізуге ықпал еткен барлық елді, әсіресе сындарлы үлес қосқан Пәкістанды құттықтаған Мәжіліс төрағасы былай деді:

«Бұл келісімнің сақталуы, тараптардың үдерісті байыпты әрі жауапты ұстаныммен жалғастыруы аса маңызды. Ең алдымен Нетаньяху мен оның сыбайластары бастаған, өңірімізді жаңа қақтығыстарға итермелеуге тырысатын күштердің арандатуына жол берілмеуі тиіс. Түркия ретінде президент Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігімен әлемде бейбітшілік пен тыныштықтың үстем болуына, өңірімізде тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнығуына бағытталған күш-жігерімізді табандылықпен жалғастырамыз. Адамзаттың ар-ожданына сүйенетін, әділет қағидаттарына негізделген әділ әрі тұрақты бейбітшілікті орнату жолындағы күш-жігерді және осы бағыттағы бастамаларды қолдауды жалғастыра береміз».

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған АҚШ–Иран келісімін оң бағалады
Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?