ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Суданда аштық дағдарысы
Көмек ұйымдары «Қақтығыс аймақтарында әдейі аштық жүргізіліп, азық-түлік жүйелері күйреуде» деп дабыл қағуда. Соғыс салдарынан туындаған ашаршылық қаупі күшейіп келеді.
Суданда аштық дағдарысы
Суданда аштық дағдарысы / Reuters

Жетекші гуманитарлық ұйымдардың жаңа есебіне сәйкес, Суданда миллиондаған адам күніне небәрі бір рет тамақ ішіп, күнелтуге мәжбүр, ал ушыққан азық-түлік дағдарысы елді ашаршылыққа итермелеуде.

Судан қарулы күштері мен Жедел қолдау күштері арасындағы соғыс ауыл шаруашылығын күйретіп, миллиондаған адамды босқынға айналдырды және әлемдегі ең ауыр гуманитарлық дағдарыстардың біріне себеп болды.

Есептегі мәліметке қарағанда Солтүстік Дарфур мен Оңтүстік Кордофан сияқты соғыстан ең көп зардап шеккен өңірлерде отбасылар бірнеше күн бойы тамақ ішпей, аман қалу үшін жапырақ пен мал азығын жеуге мәжбүр болып отыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - Суданда қақтығыс жалғасуда

Ашаршылық туралы ескертулер артуда

Гуманитарлық ұйымдар дағдарыстың тек қақтығыстан ғана емес, сонымен қатар егіс алқаптары мен базарлардың әдейі жойылуынан ушыққанын айтады. Бұл жағдай аштықтың соғыс құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтіп отыр.

Судан халқының шамамен үштен екісін құрайтын 28 миллионнан астам халық қазіргі таңда азық-түлік тапшылығын бастан өткеруде. Елдің кейбір өңірлерінде ашаршылық жағдайы ресми түрде расталған.

Дәлелдер күн санап артып жатқанына қарамастан, Судан үкіметі ашаршылықты жоққа шығаруда, ал қарсыластар өз бақылауындағы аймақтардағы жағдай үшін жауапкершілік алмай отыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - “Жедел қолдау күштері геноцид жасады”

Аштық дағдарысынан ең көп әйелдер мен балалар зардап шегуде

Дағдарыс әйелдер мен балаларға қатты әсер етуде. Әйелдер басқаратын отбасылардың азық-түлік тапшылығына тап болу ықтималдығы үш есе жоғары. Тамақ не су іздеген әйелдер жиі зорлық-зомбылыққа ұшырауда.

Сондай-ақ қаржыландырудың қысқаруы гуманитарлық көмекті шектеп, қоғамдық асханалар сұраныстың күрт артуына байланысты толық қызмет көрсете алмай отыр. Осылайша гуманитарлық көмек тежелуде.

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті