ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Израильді Газа секторындағы бітімді бұзғаны үшін айыптады
Анкара Тель-Авивті атысты тоқтату келісімін сақтауға және бейбітшілікке нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Түркия Израильді Газа секторындағы бітімді бұзғаны үшін айыптады
Анкара Тель-Авивті атысты тоқтату келісімін қатаң сақтауға және бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзуы мүмкін кез келген әрекеттен аулақ болуға шақырды. / AA

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газаға жасаған шабуылдары осы айдың басында қол жеткізілген атысты тоқтату келісімінің айқын бұзылуы екенін хабарлады.

Министрлік сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде шабуыл кезінде бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны туралы хабарларға байланысты терең алаңдаушылық білдірді және тұрақты бейбітшілікті сақтау мен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін атысты толық сақтау жөніндегі үндеуін қайталады.

Мәлімдемеде Түркия Тель-Авив әкімшілігін «бітім шарттарын орындауға және бейбітшілік пен тұрақтылыққа зиян келтіретін қадамдардан аулақ болуға» шақырды.

Министрлік сондай-ақ Түркияның Палестина халқының жанында болуын жалғастыратынын және аймақта әділ, тұрақты әрі жан-жақты бейбітшілік орнатуға бағытталған күш-жігерді қолдайтынын атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Дональд Трамп: "Газа соғысы аяқталды"

Бітімді бұзу бұйрығы

Израиль армиясы сейсенбі күні Беньямин Нетаньяхудың «дереу күшті соққы жасау» жөніндегі нұсқауынан кейін Газа аймағы бойынша бірқатар әуе шабуылын жүзеге асырды. Нетаньяху ХАМАС-ты атысты тоқтату келісімін бұзды деп айыптады, алайда бұл айыптауға қатысты дәлел келтірмеді.

Шабуыл нәтижесінде арасында 24 бала бар кем дегенде 63 палестиналық қаза тапты, көптеген адам жараланды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың ара ағайындығымен әзірленген 20 тармақтан тұратын жоспар аясында құрылған атысты тоқтату келісімі 10 қазаннан бері күшінде. Жоспарға сәйкес, израильдік тұтқындарды босату есесіне палестиналық сотталғандарды азат ету және Газа аймағын қайта қалпына келтіру көзделген.

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді