ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
«Global Sumud» флотына шабуыл: Стамбул мен Еуропада наразылықтар басталды
Израиль күштері «Global Sumud» флотын тоқтатқаннан кейін Түркия мен Еуропаның ірі қалаларында ереуіл ұйымдастырылды.
«Global Sumud» флотына шабуыл: Стамбул мен Еуропада наразылықтар басталды
«Global Sumud» флотының тоқтатылуына байланысты наразылық шеруі, Рим / Reuters

Жүздеген адам Израильдің Газаға бет алған «Global Sumud» флотына жасаған шабуылына қарсылық білдіру үшін Стамбулдағы АҚШ консулдығының алдына жиналды.

“TRT World” тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, наразылық білдірушілер ұран салып, Газадағы палестиналықтар үшін дұға жасады және халықаралық қауымдастықты бұл жағдайға қарсы үн қатуға шақырды.

Ұқсас ереуіл Еуропаның бірнеше қаласында өтті. Римде жүздеген студент пен әртүрлі кәсіподақ мүшесі Термини вокзалы алдындағы “Piazza dei Cinquecento” алаңына жиналды.

Наразылар «Флот пен Палестина үшін бәрін тоқтатайық» деген ұран салып, көлік қозғалысын бөгеді. Полиция метро станцияларын жауып, вокзалға кіретін жолдарды шектеді.

Ұйымдастырушылар шамамен 1 000 адамның “Piazza Barberini” алаңына қарай шеруді жалғастыруды жоспарлағанын хабарлады.

Италиядағы “Unione Sindacale di Base” (USB) және “Confederazione Generale Italiana del Lavoro” (CGIL) кәсіподақтары оқиғаға жауап ретінде 3 қазанда ел бойынша жалпы ереуіл жариялады.

Барселонада жүздеген адам Израиль консулдығы алдында жиналып, Израильдің флотқа жасаған шабуылын айыптады.

Берлинде көптеген адам Орталық вокзалда бас қосса, Брюссельде ереуілшілер “Place de la Bourse” алаңынан Бельгия Сыртқы істер министрлігіне дейін жүріп өтті.

Лондонда да белсенділер бейсенбі күні наразылық өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Флотқа шабуыл

«Global Sumud»  флотының ұйымдастырушыларының айтуынша, Израиль әскери-теңіз күштері байланыс арналарын бұғаттағаннан кейін конвойды халықаралық суларда тоқтатқан. Газаны Бұғаттауды Жою Халықаралық Комитеті (ICBSG) Израиль сарбаздарының “Alma” және “Sirius” кемелеріне кіргенін хабарлады.

Белсенділер Израиль катерлерінің конвойға жақындап, кемелерге бағытын өзгерту жөнінде бұйрық берген сәтін көрсететін видеоларды әлеуметтік желілерде жариялады. Гуманитарлық және медициналық жүк тиелген флот тамыз айының соңында жолға шығып, кедергі келтірілмеген жағдайда бейсенбі таңында Газа жағалауына жетуі тиіс еді.

Бұл бірнеше жылдан кейін алғаш рет Газаға осындай ауқымдағы гуманитарлық көмек конвойын жіберу әрекеті болды. Флотың құрамында 45-тен астам елден келген 532 ерікті және шамамен 50 кеме бар еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - “Global Sumud” флотилиясы Газаға жақындап, қауіпті аймаққа кірді

Іздеу
Израиль күштері Батыс Шерияда екі адамды өлтірді
Сирия президенті елінің Ливанға қатысты жаңа көзқарасын түсіндірді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді
Ресей 522 украиналықтың мәйітін тапсырып, 33 ресейлік сарбаздың денесін алды
Пәкістан 24 шілдеге дейін Үндістанға өз әуе кеңістігін жапты
Ресей Киевке шабуыл жасады
Жасанды интеллект алаяқтығы 442 млрд доллар шығын келтірді
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Индонезияда 6,7 баллдық жер сілкінісі болды
Иран: «Исламабад келісіміне Женевада қол қойылады»
Киевтегі тарихи собор Ресей шабуылынан өртке оранды
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Грекия Сыртқы істер министрі Сербияны қолдады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
Харк аралы туралы не білеміз?