САЯСАТ
2 ... минут оқылды
ХАМАС барлық палестиналық топпен ұлттық диалог жүргізуге дайын екенін мәлімдеді
Палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС Газадағы бітімге адал екенін айтып, Израильді гуманитарлық жағдайды саяси құрал ретінде пайдаланып отыр деп айыптады.
ХАМАС барлық палестиналық топпен ұлттық диалог жүргізуге дайын екенін мәлімдеді
ХАМАС барлық палестиналық топпен ұлттық диалог жүргізуге дайын екенін мәлімдеді / Reuters

ХАМАС барлық палестиналық топпен ұлттық диалогқа кірісетінін жариялады. Тойтарыс тобы бұл мәлімдемені делегациясы мен ФАТХ тобының өкілдері арасында Мысырдың араағайындығымен Каирде өткен кездесумен қатар жасады. Кездесуде Газа бітімінің екінші кезеңі мен аймақтың болашағы талқыланды.

ХАМАС өкілі Хазем Касым Анадолы агенттігіне берген сұхбатында қозғалыстың Палестина әкімшілігі мен өзге де ұлттық күштерге шын жүрекпен ұлттық диалогқа бет алғанын айтып, әкімшіліктің ескерусіз қалдыруға болмайтын палестиналық құрылымдардың бірі екенін атап өтті.

Касым билік өкілдерін Газадағы қазіргі ұлттық келісімге бейімделіп, диалогқа ашық оймен келуге шақырды және қазір ұлттық бірлік уақыты, партиялық мүдделерден гөрі ұлттық мүдделердің үстем болуы қажет екенін айтты.

Сондай-ақ ол қазіргі кезең тек ХАМАС үшін емес, Газа мен Батыс Шериядағы бүкіл палестина халқы үшін қауіпті екенін ескертті.

ХАМАС өкілі қозғалыстың Газа бітімін толық орындауға ниетті екенін қайталап, араағайын елдерді Израильдің келісімді сақтауын қамтамасыз ету үшін қысым жасауға шақырды.

Касымның айтуынша, ХАМАС келісімді аяқтау үшін тәулік бойы келіссөз жүргізіп, келісілген мәселелерді іске асыру жолында нақты қадам басқан.

Оның мәліметінше, Түркия, Мысыр және Катар нақты кепілдік, ал АҚШ тікелей уәде берген. Бұл кепілдіктер соғыстың іс жүзінде аяқталғанын және келісім шарттардың орындалуы осы соғыстың толықтай біткенін білдіреді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия, Мысыр, Катар және АҚШ Газа бітім келісіміне қол қойды

ХАМАС өкілі топтың алғашқы кезеңді тірі қалған тұтқындар мен қаза тапқандардың мәйітін тапсыру арқылы аяқтағанын, қалғандарын қайтару үшін жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Екінші кезең

Касым екінші кезеңге қатысты араағайын елдермен қосымша талқылау мен нақты түсіндірулер қажет екенін айтып, бұл кезеңнің «кең ауқымды тақырыптар мен егжей-тегжейлі тәсілді талап ететін күрделі мәселелерді қамтитынын атап өтті.

Ол ХАМАС қозғалысының басты мақсаты - Газадағы соғысты толық әрі түбегейлі тоқтату екенін баса айтты.

Сондай-ақ араағайын елдерге Израильдің заң бұзушылықтары туралы ақпарат беруді жалғастырып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Израиль бітім күшіне енгеннен бері 90 палестиналықты  өлтірген. Рафах шекара өткелін жабық ұстап, гуманитарлық көмектің кіруіне кедергі келтіріп отыр.

Топ өкілі Израильді «гуманитарлық жағдайларды саяси саудаласу құралы ретінде пайдаланып отыр» деп айыптап, бұл тәсілдің Израильдің Газаға жылдар бойы қолданған саясатының жалғасы екенін айтты.

Сондай-ақ ол Газада аштық қаупін болдырмау және гуманитарлық көмекті шұғыл жеткізу үшін дереу әрекет етуге шақырды.

 

Іздеу
Ирактың Күрдістан аймақтық үкіметі "Пешмерга" күштерін  біріктіру туралы шешім қабылдады
Пәкістан Ішкі істер министрі Накви ресми сапармен Иранға барды
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді