ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль Рафах өткелін қайта ашты
Израиль төрт тұтқынның мәйітін қайтарып алғаннан кейін Рафах өткелі арқылы гуманитарлық көмектің өтуіне рұқсат берді, ал агенттіктер Газа секторында босқындардың аштық пен көмектің кешігуіне тап болып отырғанын ескертті.
Израиль Рафах өткелін қайта ашты
Израиль Рафах өткелін қайта ашты / Reuters

Израильдің мемлекеттік медиасы «KAN» сәрсенбі күні төрт тұтқынның мәйіттері қайтарылғаннан кейін Израиль Газа мен Мысыр арасындағы Рафах шекара өткелін ашу және Газаға гуманитарлық көмектің жеткізілуіне рұқсат беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде Израильдің ХАМАС-қа қарсы жоспарлаған және аймаққа кіретін көмек жүк көліктерінің санын екі есеге қысқартуды көздеген шараларынан бас тартқаны айтылды.

Бұған дейін, ХАМАС АҚШ-тың араағайындығымен жасалған жаңа бітім келісімі аясында тұтқындардың мәйіттерін тапсырмағандықтан Израиль Рафах шекарасын жабу туралы шешім қабылдаған болатын.

Израиль көмектің Палестина шекарасына жүк көліктерінен түсірілуін, кейін Газа аймағындағы БҰҰ мен гуманитарлық ұйымдар арқылы таратылуын талап етуде.

«UNICEF» өкілі Рикардо Пирес: «Барлық шекара өткелдері ашық болуы керек. Рафах өткелі жабық қалса,  оңтүстіктегі босқындар азап шегеді», - деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Израильдің Газаға қарсы соғысының аяқталғанын жариялаған болатын. Соңғы израильдік тұтқындардың палестиналық тұтқындармен алмасуы -  гуманитарлық көмектің аймаққа жедел жеткізілу үмітін арттырды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Дональд Трамп: "Газа соғысы аяқталды"

Әлемдік аштық мониторингі ұйымы жүз мыңдаған адамның аштық қаупімен бетпе-бет келгені туралы ескерту жасады.

Қызыл Крест ұйымының өкілі Кристиан Кардон сейсенбі күні Женевада өткен баспасөз мәслихатында: «Біз әлі де санаулы ғана жүк көлігінің келіп жатқанын көріп отырмыз. Бұл көліктерге қарай ағылған халықтың әрекеті гуманитарлық стандарттарға сай емес», - деді.

БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы сейсенбі күнгі мәлімдемесінде, демалыс күнінен бері 137 гуманитарлық жүк көлігінің аймаққа кіргенін хабарлады. Көмек ұйымдары Газада бірнеше апта бойы көмек ала алмай отырған 400 мың адамға тез арада азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізуді көздеп отыр.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті