ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль палестиналық мәйіттерді азаптау және күйік іздерімен қайтарған
Денсаулық сақтау министрлігі палестиналық тұтқындардың мәйіттерінен зорлық-зомбылық, күйік және байлау іздері табылғанын хабарлады. Тұтқындар адам ағзасын ұрлау ықтималдығы бар екенін айтып, халықаралық тергеу жүргізуге шақырды.
Израиль палестиналық мәйіттерді азаптау және күйік іздерімен қайтарған
Израиль палестиналық мәйіттері азаптау және күйік іздерімен қайтарған / AP

Газа секторындағы жоғары лауазымды медицина қызметкері бітім мен тұтқындар алмасу келісімі аясында  Израиль тарапынан қайтарылған  палестиналық мәйіттерде азаптау мен күйік іздері бар екенін айтты.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі доктор Мунир әл-Бурш бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «Газа тұтқындарының денелері бізге жануарлар секілді байланған, көздері таңылған, ауыр азаптау және күйік іздерімен қайтарылды. Мұның барлығы жасырын жасалған қатыгез қылмыстардың дәлелі», - деді.

Әл-Бурш мәйіттердегі іздерді «жасырылмайтын қылмыс» деп атап, көптеген тұтқынның байланған күйінде өлтірілгенін айтты. «Кінәсіз палестиналықтардың денелері жендеттердің қатыгездігінің дәлелі болып қалды. Олар табиғи өліммен емес, байланған күйде атылып өлтірілді», - деді ол. Сондай-ақ «қылмыскерлерді жауапқа тарту үшін жедел халықаралық тергеу жүргізілуі тиіс»,- деп мәлімдеп, болған оқиғаларды «толыққанды соғыс қылмысы» деп атады.

Палестиналық тұтқындардың медиа кеңсесі қайтарылған кейбір мәйіттерден адам ағзаларының ұрланған болуы мүмкін екенін де айтты. «Деректер кейбір мәйіттерден адам мүшелерінің алынғанын көрсетеді. Бұл  адамгершілікке жатпайтын, тірі де, өлі де палестиналықтарға қарсы Израильдің жүйелі түрде жасап келе жатқан қылмысының дәлелі», - делінген хабарламада.

Кеңсе медициналық және сот-медициналық деректерге сүйене отырып, қайтарылған мәйіттердің көпшілігінің қолдары кісенделген, көздері таңылған, ауыр азаптау, күйік және Израильдің броньды көліктерімен жаншылған іздері бар екенін мәлімдеді.
«Дәлелдер кейбір құрбандардың тұтқындалғаннан кейін атылғанын және халықаралық гуманитарлық құқық пен Төртінші Женева конвенциясын айқын бұзу екенін растайды», -  деп қосты.

Кеңсе «қылмыскерлердің әшкереленуі және жауапқа тартылуы үшін жедел әрі тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізілуі тиіс»,- деп үндеу жасады.

Бейсенбі күні таңертең Газа Денсаулық сақтау министрлігі Халықаралық Қызыл Крест комитеті арқылы Израильден 30 палестиналықтың мәйітін қабылдап алғанын, олардың кейбірінде зорлық-зомбылық белгілері бар екенін хабарлады.
Бітім келісімі жұма күні күшіне енгеннен бері Израиль тарапынан кемінде 120 палестиналықтың мәйіті қайтарылған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль армиясы 4 тұтқынның мәйітінің Қызыл Крестке тапсырылғанын хабарлады

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты