САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль күштері ХАМАС жетекшісінің өлтірілгенін хабарлады
Израиль күштері Газаның солтүстігіндегі шабуылда Мұхаммед Авденің қаза тапқанын алға тартып, оның ХАМАС-тың қарулы қанатының жаңа қолбасшысы болып сайланғанын мәлімдеді.
Израиль күштері ХАМАС жетекшісінің өлтірілгенін хабарлады
Израиль күштері ХАМАС жетекшісінің өлтірілгенін хабарлады / Reuters

Бұл мәлімдеме Израиль құрбан айт қарсаңында Газа қаласының орталығындағы халық тығыз орналасқан ауданға ауыр әуе соққыларын жасағаннан кейін жарияланды.

Денсаулық сақтау дереккөздерінің мәліметінше, шабуылдан бір палестиналық әйел қаза тауып, бірнеше адам жараланған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль құрбан айт қарсаңында Газаға шабуылдады

ХАМАС немесе оның қарулы қанаты әл-Кассам бригадалары Израильдің бұл мәлімдемесіне қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Беньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Исраэль Кац сейсенбі күні Израиль күштерінің Авдені нысанаға алғанын мәлімдеген болатын.

Израиль бұл мәлімдемені Кнессетті тарату және мерзімінен бұрын сайлау өткізу ықтималдығы талқыланып жатқан кезеңде жасады. Израильдік сарапшылар мен оппозиция өкілдері Нетаньяхудың өз пайдасы үшін Газадағы шиеленісті одан әрі күшейтуі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде.

 

Іздеу
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
АҚШ Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастырады
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды