ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия құлаған дрондардың қалдықтарын зерттеп жатыр
Адмирал Зеки Актүрік "Грекия, Кипр Грек Әкімшілігі және Израиль арасындағы әскери ынтымақтастық Түркияға әскери қауіп төндірмейді", деп мәлімдеді.
Түркия құлаған дрондардың қалдықтарын зерттеп жатыр
Түркия құлаған дрондардың қалдықтарын зерттеп жатыр / AA

Түркия Қорғаныс министрлігі Балыкесир мен Кожаели уәлаяттарына келіп құлаған ұшқышсыз ұшу аппараттарының сынықтары зерттеліп жатқанын және қорытындылар дайын болғанда жарияланатынын білдірді.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі және өкілі контр-адмирал Зеки Актүрік бейсенбі күні қорғаныс алыбы ASELSAN-ның 50 жылдық мерейтойын тойлау аясында өткен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. Актүрік 15 желтоқсанда Қаратеңізде Түркия әуе кеңістігіне жақындаған кезде атып түсірілген ұшқышсыз ұшақтың қалдықтары "өте ұсақ бөлшектерге бөлініп, үлкен аймаққа тарағандықтан" әлі жиналмағанын мәлімдеді.

Актүрік журналистерге берген сұхбатында: "Біздің әуе кеңістігімізді бақылау радарлар, электро-оптикалық сенсорлар, құрлық, теңіз және әуе элементтері, сондай-ақ НАТО-ның интеграцияланған құрылымын қоса алғанда, көп қабатты архитектура арқылы тәулік бойы қамтамасыз етіледі және бұл мәселеде ешқандай кемшілік жоқ", - деді.

Актүрік радарлық көлденең қимасы төмен, шағын, төмен биіктіктегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) Түркияны қоса алғанда, барлық елдер үшін "жаңа буын қауіп" тудыратынын мәлімдеді.

"Нәтижесінде аталған оқиғалар әуе қорғанысының әлсіздігінен гөрі, Украина мен Ресей арасында жалғасып жатқан соғыс салдарынан ҰҰА қолданысының артуының көрінісі болып табылады. Түркия ҰҰА-ға қарсы қосымша шаралар қабылдауда, ұлттық жобалармен және одақтастармен ықпалдасу арқылы әуе қорғаныс қабілетін үнемі жетілдіруде және әуе кеңістігінің қауіпсіздігін табандылықпен қамтамасыз етуді жалғастырады", - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Түркияның қорғаныс жүйесі қарқынды жұмыс істеуде»

Сириядағы жағдай

Актүрік PKK/YPG-нің соңғы террористік шабуылдары Сирияның аумақтық тұтастығы мен тұрақтылығына және келіссөздер процесіне кедергі келтіретінін айтты.

Адмирал Актүрік: «Өз аймағында бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға тырысатын Түркияның ұстанымы анық және бұл ұстаным бәріне мәлім. Түркия осы бағытта Сирия үкіметімен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға және «Бір мемлекет, бір армия» қағидасын қолдауға ниетті», — деді.

Грекия, Израиль және Кипр грек әкімшілігі арасындағы келісім

Соңғы үшжақты саммитте басталған Грекия, Кипр грек әкімшілігі және Израиль арасындағы әскери ынтымақтастықтың «Түркия үшін әскери қауіп төндірмейтінін» баса айтқан Актүрік Түркияның НАТО одағы негізінде Эгей және Жерорта теңізінде сындарлы диалогты қолдайтынын білдірді.

Актүрік Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасының қауіпсіздігі мен құқықтарына қатысты ұстанымы «айқын және өзгермейтінін» де атап өтті.

«Түркия кепілгерлік (гаранттық) құқығы берген өкілеттіктерін пайдаланудан осы уақытқа дейін тартынбағаны сияқты бұдан былай да тартынбайды», — деп баса айтқан Актүрік: «Қорыта айтқанда, Эгей мен Жерорта теңізінде шиеленісті арттырып отырған Түркия емес, шеттетуші және біржақты қадамдар мен жағдайды мәжбүрлі түрде өзгертуге бағытталған әрекеттер», — деді.

Іздеу
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"