Румынияның Қорғаныс министрі Раду-Динел Мируца әлеуметтік желідегі парақшасында Жағалау күзеті қызметкерлері таңертең Қаратеңіздегі “Neptun Deep” платформасында табиғи газ өндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтан бірнеше жүз метр қашықтықта қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратының анықтағанын мәлімдеді.
НАТО-мен ынтымақтастық аясында операцияны басқаруды Румыния армиясы өз қолына алғанын айтқан Мируца «Румыния президенті Никушор Данның үйлестіруімен аймақта жұмыс істейтін жүздеген адамның өмірі мен маңызды инфрақұрылымды қорғау үшін қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жою туралы шешім қабылданды. Екі F-16 жойғыш ұшағы әуеге көтерілді. Жарылғыш зат тиелген аппарат қауіпсіз түрде залалсыздандырылды», - деді.
Мируца сондай-ақ Украинамен жақында орнатылған тікелей байланыс арқылы аппараттың «Украинаға тиесілі емес екені» жөнінде ресми растау алғандарын айтты.




















