САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ердоған Нетаньяхуды негізгі жауапты деп санайды
Ердоған ХАМАС-ты террористік ұйым емес, тойтарыс көрсету тобы деп атап өтті.
Ердоған Нетаньяхуды негізгі жауапты деп санайды
/ AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газа секторында «толық геноцид» жасап жатқанын айтып, бұл үшін Беньямин Нетаньяхуды тікелей жауапты деп атады.

«Басқаша түсіндіру мүмкін емес деп ойлаймын. Бұл анық геноцид. Бұл геноцидті Нетаньяху жасап отыр. Нетаньяху аяусыз геноцид арқылы ондаған мың адамды өлтірді», – деді Ердоған дүйсенбі күні Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында “Fox News” арнасына берген сұхбатында.

Ол Газада 120 мыңнан астам адамның жараланғанын және Түркия көптеген жаралыны емдеу үшін қабылдағанын айтты.

«Біз бұл геноцидке толықтай қарсымыз», – деді ол.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ердоған Газаға жасалған шабуылды геноцид деп айыптады

Палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС пен олардың тұтқындары туралы сұраққа Ердоған кінәні тек ХАМАС-қа жүктеуді дұрыс емес деп санайтынын айтты.

«Бұл біржақты қылмыс емес. Тек ХАМАС-ты айыптау дұрыс емес деп ойлаймын. Сонымен қатар Нетаньяхудың жасағандарын қалай елемеуге болады?» – деді ол.

Ол Израильді бейбіт тұрғындарға қарсы шабуыл жасады деп айыптап, былай деді: «Қару-жараққа келгенде, ХАМАС-ты Израильмен салыстыруға болмайды, ал Израиль күшін аяусыз пайдаланып жатыр, 7 жастан 70 жасқа дейінгі балалар, әйелдер, қарттар, ешкімді аямайды».

Қақтығысты тоқтату мүмкіндігіне Ердоған күмәнмен қарап, оны шешілмеген Ресей-Украина соғысымен салыстырды. «Есіңізде болса, (АҚШ Президенті) Дональд Трамп ‘Мен Ресей-Украина соғысын тоқтатамын’ деді. Соғыс аяқталды ма? Әлі жалғасып жатыр. Сол сияқты ол ‘Мен Газадағы соғысты доғарамын’ деді. Аяқталды ма? Жоқ» деді ол.

“ХАМАС-ты террористік ұйым деп санайсыз ба?” деген сұраққа ол бұл пікірмен келіспейтінін аййтып жауап берді. «Мен ХАМАС-ты террористік ұйым деп санамаймын. Керісінше, мен оны тойтарыс тобы деп қабылдаймын... Олар өздерін қорғау үшін барын салып жатыр» деді Ердоған.

Мұсылман әлемінің Израильге қарсы бірлігі

Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйінде (Түркеви орталығы) Кувейттің тақ мұрагері Шейх Сабах Халид әл-Сабахпен кездесті. Бұл кездесуде ол мұсылман әлемінің Израильге қарсы бірлігін жоғары бағалады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының қарсаңында өткен бұл кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды. Ердоған Газада атысты тоқтату үшін келіссөздерді жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Түркия мен Кувейт арасындағы қарым-қатынастарды, әсіресе сауда саласында дамыту маңыздылығын баса айтқан Ердоған екі ел ынтымақтастықты нығайту үшін жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

Сирия мәселесіне тоқталған Ердоған елдің аумақтық тұтастығын сақтай отырып, қайта құру мен даму жұмыстарына назар аудару қажеттігін атап өтіп, Анкараның Сирияны қолдайтынын қайталады.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді