Түркия президенті Ливияға көңіл айтты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дбейбемен телефон арқылы сөйлесті.

By
Президент Режеп Тайып Ердоған Анкарада Ливия премьер-Министрі Абдул Хамид Дбейбаны қабылдады [МҰРАҒАТ]. / AA

Түркия Республикасының президенті аппараты жанындағы Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран президент Режеп Тайып Ердоғанның Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дбейбемен телефон арқылы сөйлескенін және Түркияда болған ұшақ апатынан Ливия Бас штаб бастығы мен басқа да жоғары лауазымды әскери қызметкерлердің қаза табуына байланысты көңіл айтқанын білдірді.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Али Йерликая ұшақтың қалдықтары Анкараның Хаймана ауданына қарасты Кесиккавак ауылынан шамамен 2 шақырым оңтүстікте жандармерия бөлімшелері тарапынан табылғанын хабарлаған еді.

Ерликая ұшақтың «қара жәшігі» мен кабинадағы дыбыс жазу құрылғысы сәрсенбі күні таңертең табылғанын атап өтті.

Қайғылы оқиғадан кейін Ливия үкіметі үш күндік жалпыұлттық аза жариялады.