ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ливияда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды
Түрік ресми өкілдері Ливияның Бас штаб бастығы Мұхаммед әл-Хаддад пен төрт жоғары лауазымды офицердің Анкараның оңтүстігінде болған ұшақ апатынан қаза тапқанын хабарлады.
Ливияда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды
Ливияда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды / AA

Ливия Мұхаммед әл-Хаддад пен төрт жоғары лауазымды әскери шенеуніктің Анкара маңында болған ұшақ апатынан қаза табуына байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Ливияның Ұлттық бірлік үкіметі сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде марқұмдардың отбасыларына және Ливия Қарулы күштеріндегі әріптестеріне көңіл айтты. Мәлімдемеде үш күндік аза тұту кезеңінде барлық мемлекеттік мекемелерде тулардың төмен түсірілетіні, ресми және мерекелік іс-шаралардың тоқтатылатыны атап өтілді.

Мәлімдемеде «Ұлттық бірлік үкіметі қаза тапқандардың отбасыларына және Қарулы күштер қатарындағы әріптестеріне шын жүректен көңіл айтады», - делінген. Сондай-ақ марқұмдарға Алладан рақым, жақындарына сабыр тіледі.

Бұған дейін Ливия президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Менфи Түркия астанасы Анкара маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқан Мұхаммед әл-Хаддад пен төрт жоғары лауазымды әскери шенеунікке байланысты көңіл айтқан болатын.
«X» желісінде жарияланған мәлімдемесінде Менфи бұл апатты «Ливияның әскери құрылымы мен бүкіл ұлт үшін үлкен қайғы» деп бағалады.

Менфи: «Ливия ел үшін қызмет етуді мақсат еткен, қиын жағдайда жауапкершілік алған, міндеттерін тәртіппен адал орындап, ұлттың мүддесін, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын бәрінен биік қойған ұлттық армия басшыларынан айырылды», - деді.

Ол марқұмдардың отбасыларына және Қарулы күштер қызметкерлеріне тағы да көңіл айтты.

Түркияның Ішкі істер министрі Али Йерликая бұған дейін әл-Хаддад мінген және Триполиге бет алған «Falcon 50» үлгісіндегі ұшақтың қалдықтары Анкара маңындағы Хаймана ауданының оңтүстігінен табылғанын мәлімдеген болатын.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты