АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
Президент Иранның инфрақұрылым нысандарына соққы берілетінін хабарлағаннан кейін Вашингтонда наразылық күшейді. Сыншылар бұл қадам жаппай азаматтық шығынға және құқықтық нормалардың бұзылуына алып келуі мүмкін екенін ескертті.
АҚШ сенаторы Крис Мерфи президент Дональд Трамптың Иранға қатысты үдей түскен қоқан-лоққыларын қатаң айыптап, азаматтық инфрақұрылымға жасалуы мүмкін шабуылдар «соғыс қылмысы» саналатынын ескертті.
Мерфи дүйсенбі күні республикалық жетекшілерді араласуға шақырып, «Трамп бүгін журналистерге хабарласып, оларға жаппай соғыс қылмыстарын жасайтынын айтып отыр», - деді.
Сынның күшеюіне Трамптың Тегеран Ормуз бұғазын қайта ашпаса, Иранның электр станциялары мен көпірлерін нысанаға алатынын мәлімдеуі себеп болды. Сыншылардың айтуынша, мұндай қадам азаматтық өмірді тұралатып тастайды.
Саяси сын күшейіп келеді
Мерфи инфрақұрылымға жасалатын тіпті шектеулі шабуылдардың өзі мыңдаған бейбіт тұрғынның қаза табуына әкелетінін және айтылған мақсатқа жеткізбейтінін ескертті. «Көпірлер мен электр станцияларын күл-талқан ету... Бұл — анық соғыс қылмысы», — деді ол.
Басқа да беделді заң шығарушылар ұқсас сын айтты. Сенатор Берни Сандерс пен Сенаттағы көпшілік көшбасшысы Чак Шумер Трамптың мәлімдемелерін айыптады, ал сенатор Элисса Слоткин мұндай әрекеттер қарулы қақтығыс заңдарын бұзу екенін ескертті.
Өкіл Яссамин Ансари Трамптың сөздерін ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп бағаласа, бұрынғы өкіл Марджори Тейлор Грин бұл жоспардың стратегиялық мақсаттарға жетуден гөрі ирандық бейбіт тұрғындарға көбірек зиян келтіретінін айтты.
Шиеленістің ушығу қаупі артып келеді
Соңғы күндері Трамп ескертулерін жиілетті.
Сыншылардың айтуынша, азаматтық инфрақұрылымды нысанаға алу жаппай адам шығынына себеп болып қана қоймай, қақтығысты кеңейтіп, жаһандық тұрақсыздықты тереңдете түсуі мүмкін.