САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Дональд Трамп: «АҚШ әскері Иранда қалған нысандарды әлі жойған жоқ»
Дональд Трамп Ирандағы соғысқа қатысты үндеуінен кейін мәлімдеме жасады. Ол АҚШ-тың алдағы екі-үш апта ішінде Иранға қарсы шабуылды жалғастыратынын мәлімдеді.
Дональд Трамп: «АҚШ әскері Иранда қалған нысандарды әлі жойған жоқ»
Дональд Трамп: «АҚШ әскері Иранда қалған нысандарды әлі жойған жоқ» / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын уақытта Ирандағы стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасалуы мүмкін екенін айтты.

Бейсенбі күні «Truth Social» желісінде жазба қалдырған Трамп: «Біздің қарулы күштеріміз – әлемдегі ең қуатты әрі ең ірі армия. Біз Иранда қалған нысандарды жоюды әлі бастаған жоқпыз. Келесі кезекте көпірлер, одан кейін электр станциялары тұр. Жаңа билік не істеу керектігін біледі және оны тез арада жүзеге асыруы тиіс»,- деді.

Бұл мәлімдеме 28 ақпанда басталған «Operation Epic Fury» операциясына байланысты халыққа үндеуінен бір күн өткен соң жасалды.

Трамп үндеуінде «Алдағы екі-үш аптада біз оларға өте ауыр соққы жасаймыз. Оларды лайық болған Тас дәуіріне қайтарамыз», – деген болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Трамп Иранға қысымды күшейтті

Бұған дейін 100-ден астам халықаралық құқық сарапшысы АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері соғыс қылмысы ретінде бағалануы мүмкін екенін ескерткен еді.

Олар жариялаған хатта «Күн сайын АҚШ-тың салық төлеушілеріне 1–2 миллиард доллар шығын әкеліп отырған бұл соғыс бейбіт тұрғындарға айтарлықтай зиян келтіріп, Таяу Шығыста жүздеген адамның қаза табуына себеп болды. Сондай-ақ экологиялық және экономикалық тұрғыдан зиян келтіруде», – делінген.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді