САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Президент Трамп Иранға қысымды күшейтті
Трамп әлеуметтік желіде: «Біз Иранда қалған нысандарды жоюды әлі бастаған да жоқпыз. Келесі кезекте көпірлер, одан кейін электр станциялары тұр», — деп жазды.
Президент Трамп Иранға қысымды күшейтті
Президент Дональд Трамп 2026 жылдың 1 сәуірінде Ақ Үйдің Крест залында. / AP

Президент Трамп Ирандағы жаңа басшылармен жүргізілген келіссөздерде ілгерілеу аз болғаннан кейін мәлімдемелерін қатаңдата түсті. Ол әлеуметтік желіде: «Біз Иранда қалған нысандарды жоюды әлі бастаған да жоқпыз. Келесі кезекте көпірлер, одан кейін электр станциялары тұр», — деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи азаматтық нысандарға шабуыл жасау ирандықтарды тізе бүктіруге мәжбүрлей алмайтынын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ормуз бұғазы қозғалысын басқару үшін хаттама жобасы әзірленді

Спутниктік суреттер Ормуз бұғазындағы стратегиялық маңызы бар Кешм аралынан түтін көтерілгенін көрсетті. Халықаралық құқық мамандары АҚШ күштерінің әрекеті мен жоғары лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері ықтимал соғыс қылмыстарына қатысты үлкен алаңдаушылық туғызып отырғанын мәлімдеді. Трамптың Иранның азаматтық электр станцияларына қатысты қоқан-лоқысы және соғыс әрекеттерің тоқтатудың нақты мерзімін көрсетпеуі жаһандық нарыққа теріс әсер етіп, мұнай бағасын өсірді.

Ұлыбритания теңіз қатынасы еркіндігін қалпына келтіру жолдарын қарастыру үшін онлайн кездесу өткізді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бұғаз маңындағы коммерциялық кеме қатынасын қорғауға бағытталған қарар жобасына дауыс бермек.

Соғыс басталғалы бері Таяу Шығыста мыңдаған адам қаза тауып, он мыңдаған адам жараланды. Жанармай тапшылығы Азия аумағында экономикалық қиындықтарға алып келді, ал Африкада экономикалық баяулау болуы мүмкін деген ескерту жасалды.

Дереккөз: “TRT Haber”

ҚатыстыTRT Қазақ - Ормуз бұғазына байланысты Иранға қысым күшейді
Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды