САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп пен Зеленский «G7» саммиті аясында кездесті
Украина президенті: «Ұстанымдарымызды әрдайым бір арнаға тоғыстырып отырудың маңызы зор», - деді.
Трамп пен Зеленский «G7» саммиті аясында кездесті
Трамп пен Зеленский «G7» саммиті аясында кездесті / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Францияның Эвиан-ле-Бен қаласында өткен «G7» саммиті аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Кездесуден кейін Зеленский «Telegram» желісінде сурет жариялап, «Ұстанымдарымызды әрдайым бір арнаға тоғыстырып отырудың маңызы зор», - деп жазды.

Келіссөзге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров те қатысты.

Зеленский кездесудің мазмұны туралы толық ақпарат бермеді. Ал Трамп Катар Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесуі кезінде журналистерге Зеленскиймен кездесудің өте жақсы өткенін айтты.

Бейбітшілікке басымдық берілді

Саммит аясында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сыбига да екіжақты кездесу өткізді.

Кездесуден кейін Сыбига әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ-тың Иранмен қол жеткізген келісімін құттықтап, «Бұл қадам өңірге қауіпсіздік, ал энергетикалық нарыққа тұрақтылық әкеледі деп үміттенеміз», - деп жазды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран: «Исламабад келісіміне Женевада қол қойылады»

Сыбиганың айтуынша, аталған келісім Ресей-Украина соғысын тоқтатуға бағытталған АҚШ-тың бейбітшілік бастамаларына жаңа серпін беруі мүмкін. Сондай-ақ ол кездесуде майдандағы соңғы жағдай мен соңғы шабуылдар талқыланғанын айтты.

«Күшке негізделген бейбітшілікке қарай ілгерілеудің күшейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл үдерісте АҚШ-тың мықты көшбасшылығы мен табандылығына сенім артамыз», – деді Сыбига.

 

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады