ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Сириядағы ДАИШ-ке қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды
Түркия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Муса Кулаклыкая ДАИШ-ке қарсы күресте Сирияның аумақтық тұтастығының маңызын атап өтті.
Түркия Сириядағы ДАИШ-ке қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды
Эр-Риядта өткен Жаһандық коалиция отырысында Түркия Сирияның аумақтық тұтастығын қолдайды. / Reuters

Түркия Эр-Риядта өткен коалиция отырысында Сирияда ДАИШ террорлық ұйымына қарсы күресте біріккен және үйлестірілген жұмысқа шақырып, Сирияның терроризмге қарсы күрестегі рөлін күшейтудің қажеттілігін атап өтті.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары, елші Муса Кулаклыкая ДАИШ-ке қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалицияның Саяси директорлар отырысында Анкараның ұстанымын жеткізді.

Өз сөзінде Кулаклыкая Сириядағы атысты тоқтату мен интеграция үдерісінің елдің аумақтық тұтастығы мен бірлігі негізінде аяқталуының маңызын атап өтті.

Кулаклыккая бұл қадамдардың Түркияның ұлттық қауіпсіздік басымдықтары аясында толық жүзеге асуының маңыздылығына назар аударды.

Министрдің орынбасары сондай-ақ ДАИШ-ке қарсы күресте Коалиция мүшесі Сирияны жалғыз заңды күш ретінде қабылдаудың қажеттігін атап өтіп, Сирияның терроризмге қарсы күрес мүмкіндіктерін күшейту ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұйымға қарсы күрестің тұрақты тиімділігін сақтау үшін әлі де қажет екенін айтты.

Кулаклыкая коалиция аясындағы үйлестірілген әрі инклюзивті тәсілдің бүкіл аймақта тұрақты қауіпсіздік нәтижелеріне ықпал ететінін баса айтты.

ДАИШ-ке қарсы жаһандық коалиция террорлық ұйыммен күреске бағытталған саяси, әскери және тұрақтандыру күш-жігерін үйлестіру үшін халықаралық серіктестерді біріктіреді.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігі өте маңызды»
Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды