ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
«Сирияның бірлігі – аймақтық қауіпсіздіктің басты мәселесі»
Сирия Президенті Ахмед Шара: «Менің Нью-Йоркке жасаған сапарым Сирияның халықаралық қауымдастыққа қайта оралуын білдіреді», – деді.
«Сирияның бірлігі – аймақтық қауіпсіздіктің басты мәселесі»
Сирия Президенті Ахмед әл-Шара. / Reuters

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Сирия Президенті Ахмед Шара Сирияның бірлігін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, кез келген бөлінудің көрші елдерге зиян тигізетіні туралы ескерту жасады.

Мемлекеттік «Al-Ikhbariya» телеарнасы Шараның Нью-Йорктегі Таяу Шығыс институтына берген сұхбатында: «Сирияның бірлігі – қауіпсіздік пен тұрақтылық саясатымыздың өзегінде тұр», – деді.

Шара Сирияның аймақтағы маңызды рөліне назар аудара отырып, «Кез келген бөліну көрші елдерге зиян тигізіп, аймақтық қауіпсіздікті бұзады», – деп қосты. Сондай-ақ сөзін «Вашингтон Сирия Демократиялық Күштерінің сириялық күштермен интеграциясына көмектесе алады» деп жалғастырды.

Оңтүстіктегі Сувейда уәлаятында болған бұрынғы қақтығыстарға тоқталған Шара: «Барлық тараптың қателіктері болды. Біз келісімді таңдадық», – деп атап өтті.

Сирия Президенті Израильмен ықтимал қауіпсіздік келісімі жөнінде дипломатиялық келіссөз  жүргізіп жатқанын растап, «Израильмен жасалатын кез келген келісімнің сәтті жүзеге асырылуы аймақта бейбітшілікті нығайтуға бағытталған өзге келісімдерге негіз болады», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сирия Президенті Израильмен жүргізіліп жатқан келіссөздерде ілгерілеу бар екенін мәлімдеді

Шара «Израиль 1974 жылғы (бөліну) келісімінде көрсетілгендей, халықаралық күштердің орналастырылуын қабылдауы тиіс», – деп, Сирияның бұрынғы жағдайға оралуы ешкімге пайда әкелмейтінін жеткізді.

Өткен жылдың желтоқсан айында Асад режимінің құлағаннан кейін Израиль Сириядағы әскери нысандарға, жойғыш ұшақтар мен зымыран жүйелеріне және әуе қорғаныс объектілеріне жүздеген соққы жасады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Сирияның оңтүстігіне шабуылдауда

Сонымен қатар Израиль Сириямен 1974 жылы жасалған бөліну келісімін бұзып, Голан жоталарындағы буферлік аймақты басып алды.

Дамаск барлық елдерге тең қарым-қатынаста болу саясатын жалғастыруда. Шара: «Менің Нью-Йоркке сапарым – Сирияның халықаралық қауымдастыққа қайта оралуының белгісі», – деп мәлімдеді.

Сирия көшбасшысы 1967 жылдан кейін алғаш рет 22 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде сөз сөйлеу үшін Нью-Йоркке барды.

Іздеу
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Мексикада түрмеде бүлік шығып, 10 адам қаза тапты
Газада толыққанды жұмыс істейтін бірде-бір аурухана қалмады
АҚШ-тың Иранмен соғыстағы әуе техникасы шығыны есептелді
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Францияда наразылық шерулері жалғасуда
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Хоуситтер Сауд Арабиясының әуежайлары мен әскери базаларына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Газадағы әйелдердің үш жылға созылған қасіреті
Газаға үш жылда 223 мың тонна бомба тасталды
Израильдің Батыс Шерияға жасаған шабуылынан сегіз палестиналық жараланды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды