ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран–Израиль қақтығысы ушыға түсті
Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Махшахр қаласындағы мұнай-химия кешеніне соққы берді.
Иран–Израиль қақтығысы ушыға түсті
Израильдің «Темір күмбез» әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі. / AP

Дүйсенбі күні Ираннан ұшырылған зымырандардан кейін Израильдің орталық және оңтүстік бөлігіндегі көптеген қалада дабыл сиреналары қосылды.

Израиль армиясы Ираннан зымырандардың атылғанын анықтағанын және әуе қорғаныс жүйелерінің оларды тосқауылдау үшін жұмыс істегенін мәлімдеді.

Зымыран салдарынан басып алынған Шығыс Иерусалим мен Батыс Шерияда да сиреналар қосылды.

Израильдің әуе қорғаныс жүйелері зымырандарды жоюға әрекет жасап жатқан кезде жарылыс дауыстары естілді.

Бұған дейін Израиль армиясы бітім келісіміне қарамастан Ливан астанасы Бейруттың Дахия ауданына әуе шабуылын жасаған болатын. Бұл оқиға ирандық шенеуніктердің жауап қайтаруға уәде беруіне себеп болды.

Түн ішінде Ираннан үш толқынмен ұшырылған зымырандар Израильдің солтүстігіндегі көптеген қалада сиреналардың қосылуына әкелді. Хабарларға қарағанда Израиль бағытына шамамен 10 зымыран атылған.

Осыдан кейін Израиль армиясы Иранның батыс және орталық өңірлеріндегі нысандарға соққы бергенін хабарлады. Тегеран, Исфахан және Тебризді және тағы бірнеше ирандық қалада жарылыс тіркелгені хабарланды.

Израиль Йеменнен ұшырылған зымыранды тойтарғаннан кейін әуе кеңістігін уақытша жапты

Израиль армиясы Тель-Авив пен оның маңындағы аудандарда, сондай-ақ елдің орталық және оңтүстік өңірлерінде сиреналар қосылғаннан кейін зымыранның тосқауылданғанын мәлімдеді.

Израильдің Ішкі майдан қолбасшылығы зымыран ұшырылғаны анықталған соң тұрғындарға ескерту хабарламаларын таратқан болатын.

Иран бұқаралық ақпарат құралдары Израильдің Иранның оңтүстік-батысындағы Махшахр қаласындағы мұнай-химия компаниясын нысанаға алғанын хабарлады.

Жергілікті БАҚ “Telegram” желісінде: «Сионистік жау Махшахрдағы ‘Karoon Petrochemical Company’ компаниясына әуе шабуылын жасады», – деп жазды.

Жергілікті құқық қорғау органдарының өкілі де Израиль зымырандарының аталған нысанға тигенін растады.

Өз кезегінде Израиль армиясы Махшахрдағы мұнай-химия кешеніндегі түрлі нысанға соққы бергенін хабарлады.

Армияның мәлімдемесінде: «Біраз уақыт бұрын Израиль Әуе күштері Иранның оңтүстік-батысындағы Махшахр қаласында орналасқан мұнай-химия кешеніндегі бірнеше нысанға соққы берді», – делінген.

ҚатыстыTRT Қазақ - Хакан Фидан ирандық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті