ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
“Түркия бейбітшілік бастамаларының көшбасшысы болуы тиіс”
Түркия Сыртқы істер министрі Анкараның өңірлік және жаһандық деңгейде тәртіп қалыптастыра алатын рөлін күшейтіп отырғанын айтты.
“Түркия бейбітшілік бастамаларының көшбасшысы болуы тиіс”
Фидан Түркияның негізгі аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша дипломатиялық күш-жігеріне назар аударды. / AA

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан халықаралық жүйе барған сайын тиімсіз болып бара жатқан кезеңде Түркия бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуді дипломатиялық құралдары арқылы қалыптастыру бастамасын өз қолына алуы қажет екенін мәлімдеді.

Дүйсенбі күні ел астанасы Анкарада өткен 16-шы Елшілер конференциясының ашылуында Фидан қазіргі жаһандық механизмдердің дағдарыстарды шешу қабілеті азайғанын атап өтті.

Жаһандық ахуалдың барған сайын болжауға келмейтін сипат алып келе жатқанына назар аударған Фидан дипломаттардың рөлі бұрынғыдан да маңызды екенін, олардың сапалы ақпаратты жалған мәліметтен ажыратып, әлем астаналарында айтылған сөзді ғана емес, бұл сөздің шын мәнінде нені меңзейтінін де түсіне білуге тиіс екенін айтты.

Түркияның көпқырлы сыртқы саясатына тоқталған Фидан Анкараның дағдарыстарға жауап берумен шектелмей, өңірлік және жаһандық деңгейде тәртіп қалыптастыра алатын рөлін нығайтып отырғанын жеткізді.

Министр: «Біз өңірде қауіпсіздік пен өркендеу қалыптастыратын, өңірлік және жаһандық деңгейде тәртіпке ықпал ететін рөлін күшейткен, халықаралық саудадағы нарық үлесі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырған, сондай-ақ халықаралық жүйеге өзіндік саяси және мәдени үлес қоса алатын беделді әрі көшбасшы Түркияны қалыптастырып жатырмыз», – деді.

Фидан сондай-ақ Газадағы жағдай, Ресей–Украина соғысы және Сирияны қоса алғанда негізгі өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша Түркияның дипломатиялық күш-жігеріне назар аударды.

Ол Түркияның берік ұстанымы арқасында Газада атысты тоқтатуға бағытталған бастамаларға жетекшілік етіп отырғанын және екі мемлекет шешімін табанды түрде қолдайтынын айтты.

Ресей–Украина соғысына қатысты Фидан Түркияның дипломатиялық жолмен әділ бейбітшілікке қол жеткізу үшін тұрақты түрде жұмыс істеп келе жатқанын, ал Стамбул қаласының тараптар әлі де техникалық деңгейде бас қоса алатын жалғыз алаң болып отырғанын атап өтті.

Сирия мәселесіне қатысты Фидан ауыр саяси және экономикалық шығындарға қарамастан Түркияның “тарихтың дұрыс жағында” тұрғанын және Анкараның тұрақты Сирияны қолдауды жалғастыратынын айтты.

Сондай-ақ Фидан жаһандық басқару жүйесінде, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде реформа жүргізу қажеттігін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Қаратеңіз үшін жаңа қауіпсіздік келісімін ұсынды
Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді