ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамп Иран мәселесінде қатаң дипломатияны таңдады
Израильдік ресми тұлғалар АҚШ-тың Иранға әскери соққы беруін қолдайтындарын айтып, егер бұл жүзеге аспаса, оның «салдары» болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Трамп Иран мәселесінде қатаң дипломатияны таңдады
Трамп / AP

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Беньямин Нетаньяху жуырда АҚШ-тан оралған Қарулы күштер Бас штабының бастығы Эяль Замирді қоса алғанда жоғары лауазымды шенеуніктер қатысқан қауіпсіздік жөніндегі жиын өткізген.

Израильдің мемлекеттік “KAN” телерадиокорпорациясы жексенбі күні бұл кездесуге «Моссад» барлау қызметінің басшысы Давид Барнеаның да қатысқанын хабарлады.

Аты-жөнін жарияламау шартымен “Reuters” агенттігіне пікір білдірген АҚШ-тың екі ресми өкілі Иранмен байланысты шиеленіс күшейген тұста жұма күні Пентагонда АҚШ пен Израильдің жоғары лауазымды генералдары кездескенін айтты.

Алайда олар АҚШ Қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы Дэн Кейн мен Эяль Замир арасындағы жабық есік жағдайында өткен кездесу туралы нақты ақпарат бермеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды бірнеше рет қоқан-лоққы жасағаннан кейін, Вашингтон Таяу Шығыстағы теңіздегі әскери қатысуын арттырып, әуе қорғаныс жүйелерін күшейтті. АҚШ тарапы бұл қадамдардың мақсаты Иранды келіссөз үстеліне тарту екенін мәлімдеді.

Ал Иран билігі АҚШ тарапынан шабуыл жасалса, бұл өңірлік ауқымдағы қақтығысқа әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Замирдің болжамы

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Эяль Замир АҚШ-тың Иранға екі апта мен екі ай аралығында әскери шабуыл бастауы мүмкін деп есептейді.

Армия радиосы Замирдің жағдайды бағалау жөніндегі жиында: «Бұл — белгісіздік кезеңі», - дегенін жеткізді.

Сонымен қатар радио алдағы бірнеше күн ішінде АҚШ-тың Иранға шабуылы күтілмейтінін хабарлады.

Хабар таратушы ұйым «АҚШ барлық ақпаратты Израильмен бөліспейді және шешім қабылдау үдерістерінен оны шет қалдырып отыр» деп атап өтті. Сондай-ақ Израиль Дональд Трамптың Иранмен ядролық бағдарламаға қатысты келісімге келуі мүмкін екеніне және бұл келісім Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасын қамтымауы ықтималдығына алаңдайтынын мәлімдеді.

Қиын келіссөздер

Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың кеңсесі оның Вашингтондағы кездесулерінен кейін Эяль Замирмен аймақтағы жағдайды және Израиль армиясының «барлық ықтимал сценарийге қарсы операциялық дайындығын» талқылау үшін кездесу өткізгенін хабарлады.

Келіссөздерге қатысқан, аты-жөні жарияланбаған израильдік бір ресми тұлға Трамптың Иранмен қатаң келіссөздер жүргізгісі келетінін және мұның «Иранның ядролық бағдарламасының жойылуына алып келуі мүмкін» екенін айтты.

Израильдік ресми тұлғалар АҚШ-тың Иранға шабуыл жасағанын қалайтындарын тағы да қайталап, егер мұндай қадамнан бас тартылса, оның «салдары» болатынын алға тартты. Бұл салдардың бірі ретінде Иранның ядролық қару иелену жолында ілгерілеуі аталды.

Сондай-ақ Израиль тарапы Иранның ядролық зымыран бағдарламасына қатысты «алаңдаушылығын» АҚШ-тағы әріптестеріне жеткізген.

Аталған кездесуге қатысты Израиль билігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Осы арада Израильдің қаржы басылымы “The Calcalist” Иранмен ықтимал соғыстың құны 10 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін деп болжайды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Ормуз бұғазы маңында әскери жаттығу өткізбек
Іздеу
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты
130-дан астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Ирак ДАИШ террорлық ұйымының бекінісін жойды
Джибути жағалауындағы кеме апатынан 139 адам қаза тапты, 84 адам із-түзсіз жоғалып кетті
2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Нави Пиллайға берілді
АҚШ-та «Исайас» дауылына байланысты эвакуация жарияланды
Трамп әкімшілігі мигранттарды АҚШ-тан кемелермен депортациялауды қарастырып жатыр
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Мексикада түрмеде бүлік шығып, 10 адам қаза тапты
Газада толыққанды жұмыс істейтін бірде-бір аурухана қалмады
АҚШ-тың Иранмен соғыстағы әуе техникасы шығыны есептелді
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды