ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран Ормуз бұғазы маңында әскери жаттығу өткізбек
Иран билігі Ормуз бұғазы бойындағы әуе кеңістігінде нақты оқ-дәрі қолданылатын әскери іс-қимылдарға байланысты Ұшқыштарға арналған ескерту жариялады.
Иран Ормуз бұғазы маңында әскери жаттығу өткізбек
Бұл жаттығулар аймақтағы АҚШ әскери жаттығуларымен қатар өтеді. [Мұрағаттық сурет] / AP

Аймақтағы өңірлік шиеленіс күшейіп тұрған кезеңде Иран Ормуз бұғазы бойындағы әуе кеңістігінде нақты оқ-дәрі пайдаланылатын әскери іс-шара өтетініне байланысты әуе навигациясына арналған NOTAM хабарламасын таратты.

Сейсенбі күні жарияланған ескертуде әскери жаттығулар аясында Ормуз бұғазы маңында нақты оқ-дәрімен әскери әрекет жүргізілетіні айтылған.

Хабарламаға сәйкес, аталған іс-шаралар 27–29 қаңтар аралығында бес теңіз милі радиустағы шеңберлі аймақта жүзеге асырылады.

Сондай-ақ белгіленген аумақтағы әуе кеңістігінің жерден 7,5 километр биіктікке дейінгі бөлігі жаттығу кезінде шектеліп, қауіпті аймақ деп саналатыны көрсетілген.

Бұл мәлімдеме АҚШ Орталық әуе күштері қолбасшылығының (AFCENT) АҚШ Орталық қолбасшылығының жауапкершілік аймағында бірнеше күнге созылатын дайындық жаттығуын өткізетінін хабарлағаннан кейін жасалды.

Қолбасшылық аталған жаттығудың жедел орналастыру және қамтамасыз ету мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталғанын мәлімдеді.

АҚШ Тегеранға қатысты әскери әрекеттерді қоса алғанда барлық нұсқа қарастырылып отырғанын хабарлады.

Иран билігі АҚШ тарапынан жасалуы мүмкін кез келген шабуылға «жедел әрі жан-жақты» жауап қайтарылатынын ескертті.

Ормуз бұғазы — әлемдік энергия тасымалының үлкен бөлігі өтетін стратегиялық маңызы зор су жолы. Бұл аймақтағы кез келген әскери белсенділік халықаралық қауымдастықтың ерекше назарын аударады.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті