ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ливанның оңтүстігінде шиеленіс артты
Жаңа эвакуация бұйрығы мен адам шығынына әкелген шабуылдар бітімді сақтап қалуға бағытталған күш-жігерге қарамастан, қақтығыстың қайта өршу қаупін күшейтті.
Ливанның оңтүстігінде шиеленіс артты
Ливанның оңтүстігінде шиеленіс артты

Израиль армиясының Литани өзенінің солтүстігінде орналасқан үш ауыл тұрғындарына эвакуация туралы бұйрығы шекара маңындағы шиеленістің жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін екенін көрсетті.

Әлеуметтік желіде араб тілінде жарияланған үндеуде Израиль армиясының өкілі Авихай Адраи бейбіт тұрғындарды ауылдар мен елді мекендерден кемінде 1000 метр қашықтыққа көшуге шақырды. Ол сондай-ақ Хезболла мүшелерінің, қару-жарақ немесе әскери нысандардың маңында жүрген кез келген адамның шабуылға ұшырайтынын мәлімдеді.

Хезболла бітім шарттарын қабылдамағаннан кейін шабуылдар күшейді

Соңғы шиеленіс Хезболла жетекшісі Наим Кассымның Ливан мен Израиль өкілдері ұсынған шартты бітім ұсынысын қабылдамайтынын мәлімдегеннен кейін күшейді.

Кассым оның орнына жан-жақты бітім жасалып, Израиль күштерінің толық шығарылуын талап етті. Сонымен қатар ол Израильдің солтүстігіне бағытталған шабуылдардың қайта басталуы мүмкін екенін ескертті.

Ливанның азаматтық қорғаныс дереккөзінің мәліметінше, Израиль түн ішінде Ливанның оңтүстігіндегі Сур қаласына шабуылдап, салдарынан жеті адам қаза тапқан.

«Жабал Амель» ауруханасының маңына жасалған шабуылдан төрт адам көз жұмып, жеті адам жараланған. Сондай-ақ медициналық мекеме зақымданған.

Қаладағы тағы бір шабуылда үш адам қаза тапқан, бес адам жарақаттанған.  

Соңғы зорлық-зомбылық оқиғалары бітімнің тұрақсыз екенін тағы бір мәрте көрсетті. Сонымен қатар дипломатиялық күш-жігер нәтижесіз аяқталған жағдайда шекарадағы қақтығыстардың кең ауқымды текетіреске ұласуы мүмкін.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль күштері Ливандағы операцияларын кеңейтуде
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті