ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Косово премьер-министрі президент Ердоғанға алғыс айтты
Курти Косово мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетіп, экономикалық және сауда байланыстарын күшейту жалғасатынын мәлімдеді.
Косово премьер-министрі президент Ердоғанға алғыс айтты
Косово премьер-министрі Альбин Курти және президент Ердоған

Косово премьер-министрі Альбин Курти Косово мемлекетін қалыптастырудың барлық кезеңінде, елдің дамуына, дипломатиялық және әскери әлеуетінің күшеюіне, сондай-ақ НАТО-ға мүшелік мәселесінде көрсеткен қолдауы үшін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.

Премьер-министр Альбин Курти Нью-Йоркте президент Ердоғанмен өткен кездесуіне қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Курти Косово мемлекетінің құрылу кезеңінде, елдің дамуына, дипломатия саласына, әскери әлеуетін күшейтуге, қорғаныс өнеркәсібінің негізін қалауға және НАТО-ға мүшелік үдерісіне көрсеткен қолдауы үшін президент Ердоғанға ризашылығын білдірді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Түрік үйінде бірқатар кездесу өткізді

Сондай-ақ ол Түркияның НАТО-ның Косоводағы Бейбітшілік күштері («KFOR») құрамындағы көпжылдық қызметі мен Косовоның қауіпсіздігі және тұрақтылығына қосқан маңызды үлесі үшін Ердоғанға алғыс айтқанын жеткізді. Курти «KFOR» қолбасшысы қызметін екі мерзім атқарған генерал-майор Өзкан Улуташтың кәсібилігін де ерекше атап өтті.

Курти Түркия мен Косово арасындағы сауда байланыстарының нығайып, сауда көлемінің 1 миллиард долларға жеткенін және алдағы уақытта бұл көрсеткішті одан әрі арттыру көзделіп отырғанын айтты.

Ол Косоводағы түрік инвестицияларының да артып келе жатқанын атап өтті. Мысал ретінде Косово үкіметі мен Түркия Қорғаныс министрлігіне қарасты Машина жасау және химия өнеркәсібі кәсіпорнының («MKE») ынтымақтастығымен Якова қаласында салынып жатқан оқ-дәрі өндіретін зауытты атады.

Курти Ердоғанмен кездесу барысында өткен апта Нидерландтың Гаага қаласында Косово азат ету армиясының бұрынғы қолбасшылары, сондай-ақ Косовоның бұрынғы президенті Хашим Тачи, Кадри Весели, Реджеп Селими және Якуп Красничиге қатысты соғыс қылмыстары жөніндегі сот үдерісін де талқылағанын айтты.

Косово премьер-министрінің айтуынша, кездесуде Сербиядағы албан қауымына қатысты жалғасып келе жатқан жүйелі кемсітушілік мәселесі де қозғалған. Сонымен қатар албандардың өңірдегі мемлекеттік мекемелерде жеткілікті деңгейде өкілдік етпеуі сөз болды.

Курти Косово мен Түркия арасындағы достық қатынастарды одан әрі тереңдетіп, экономикалық және сауда байланыстарын күшейту жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ ол президент Ердоғанды Косовоға шақырғанын жеткізді.

 

 

Іздеу
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы министрлері бас қосты
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты