ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Мұнай бағасы артты
Вашингтонның Тегеранға қысымды күшейту жоспарлары аясында мұнай бағасы артты.
Мұнай бағасы артты
Мұнай бағасы артты / Reuters

Сәрсенбі күні мұнай бағасы АҚШ-тың Иран порттарына блокаданы ұзартуы мүмкін деген хабарлардан кейін артты. Бұл жағдай Таяу Шығыстағы негізгі мұнай өндіруші аймақтан жеткізілімнің тоқтауы ұзаққа созылуы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті.

«The Wall Street Journal» басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп көмекшілеріне Иранға қарсы блокаданы ұзартуға дайындық жүргізуді тапсырған.

Хабарға қарағанда, Дональд Трамп Иран экономикасы мен мұнай экспортына қысымды жалғастырып, Иран порттарының қозғалысын шектеу арқылы бақылауды күшейтпек.

Маусым айына арналған «Brent» мұнайының келісімшарт бағасы «GMT» уақытымен 01:54-те барреліне 52 центке яғни 0,47%-ға өсіп, 111,78 долларға жетті. Осылайша баға сегіз күн қатарынан өсім көрсетті. Ал шілде келісімшарттары қазірдің өзінде 0,4%-ға өсіп, 104,84 доллар деңгейінде саудалануда.

Маусым айына арналған АҚШ-тың Батыс Техас шикі мұнайы келісімшарт бағасы алдыңғы сессияда 3,7%-ға өскеннен кейін тағы да барреліне 57 центке яғни 0,57%-ға қымбаттап, 100,50 долларға жетті. Осылайша соңғы сегіз күннің жетеуінде өсім көрсетті.

«Мұнай бағасының өсуі бұғаздағы қоршаумен байланысты. Егер Дональд Трамп блокаданы ұзартса, жеткізілім тоқтап,  баға одан әрі көтеріледі»,- деді «Haitong Futures» компаниясының сарапшысы Ян Ань.

28 ақпанда басталған АҚШ–Израиль–Иран қақтығысында атысты тоқтату жарияланғанымен, тараптар толық бейбіт келісімге келе алмады. Осы арада Иран жаһандық мұнай мен сұйытылған газдың шамамен 20%-ы өтетін Ормуз бұғазында кеме қозғалысын шектеді, ал АҚШ Иран порттарына қысымды күшейтті. Бұл жағдай дағдарысқа әкеліп отыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа” ұқсас бір кезеңге айналып барады

АҚШ Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатуды талап етсе, Тегеран өтемақы, санкцияларды жеңілдету және Ормуз бұғазында бақылау орнатуды сұрап отыр.

Бұғаздағы шектеулер әлемдік қордың азаюына ықпал етуде. Нарықтағы дереккөздердің мәліметінше, Америка мұнай институты АҚШ-тағы мұнай қорлары қысқарғанын хабарлаған.

24 сәуірде шикі мұнай қоры 1,79 млн баррельге азайған. Бензин қоры 8,47 млн баррельге, ал дистиллят отын қоры 2,60 млн баррельге төмендеген.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты