ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Хаменеидің өлімінен кейін Карачидегі АҚШ консулдығында қанды қақтығыс болды
Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің өлтірілуіне наразылық білдіріп, Пәкістандағы АҚШ дипломатиялық миссиясына қарай бет алған жүздеген шеруші мен полиция арасындағы қақтығыста кем дегенде тоғыз адам қаза тапты.
Хаменеидің өлімінен кейін Карачидегі АҚШ консулдығында қанды қақтығыс болды
Карачидегі АҚШ консулдығында қанды қақтығыс болды / Reuters

Пәкістанның сауда астанасы Карачиде жексенбі күні АҚШ пен Израильдің бірлескен шабуылында Әли Хаменеидің қаза тапқанына наразылық білдірген ашулы топ пен полиция арасында қақтығыс шықты. Ресми өкіл бұл оқиғада кем дегенде тоғыз адамның қаза тауып, көптеген адамның жараланғанын растады.

Полиция күштерінде қызмет ететін хирург, доктор Сумайя Сайед «Анадолы» агенттігіне берген сұхбатында оқ жарақаты бар алты адамның мәйіті ауруханаға жеткізілгенін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Жүздеген шеруші қаланың оңтүстік бөлігіндегі АҚШ миссиясына қарай бет алған кезде полиция көз жасаурататын газ қолданып, аспанға оқ атты. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларға қарағанда, ондаған шеруші консулдық ғимаратына басып кіріп, қабылдау бөлімінің терезелерін сындырған.

Қақтығыстар хабар жазылған сәтте де жалғасып жатты. Жедел жәрдем және әлеуметтік көмек көрсететін «Эдхи» қорының төрағасы Файсал Эдхи тоғыз адамның қаза тауып, 30 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді