ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Пезешкиян АҚШ-ты Иранның өз күшімен дамуына кедергі жасады деп айыптады
Иран Президенті Месуд Пезешкиян елде жаппай қырып-жою қаруларына орын жоқ екенін және Тегеранның ешқашан ядролық қару іздемейтінін мәлімдеді.
Пезешкиян АҚШ-ты Иранның өз күшімен дамуына кедергі жасады деп айыптады
"Біз ешқашан ядролық қару іздеген жоқпыз және ешқашан іздемейміз», – деді Пезешкиан. / AP

Иран Президенті Месуд Пезешкиян АҚШ-ты «Иран Ислам Республикасының ешқашан дамымауын қамтамасыз етті» деп айыптады.

Пезешкиян жексенбі күні “Fox News” арнасында жарияланған сұхбатында жаңартылған халықаралық санкцияларға қарамастан Иранның ядролық қару іздемейтінін айтты.

«Біз ешқашан бейбіт ядролық бағдарламадан басқа нәрсені көздеген жоқпыз», – деді Пезешкиян. «Ядролық қаруларға немесе кез келген жаппай қырып-жою қаруына орын жоқ. Біз ешқашан ядролық қару іздеген жоқпыз және ешқашан іздемейміз», – деп қосты ол.

Соңғы шабуылдардан кейін елге Израиль барлау қызметінің енуі туралы сұраққа жауап берген Пезешкиян Израильді айыптап, «Бұл Израильдің агрессор екенін көрсетеді» деп, Тель-Авивтің шабуылдарының халықаралық құқықты және келісімдерді бұзып отырғанын атап өтті.

Санкцияларды қайта енгізу

Жексенбі күні таңертең Франция, Германия және Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231-қарарына сәйкес санкцияларды қайта енгізу тетігін іске қосты. Бұл тетік Иран өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда санкциялардың 30 күн ішінде қайта енгізілуін талап етеді.

Биыл жыл басында АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан кейін Тегеран БҰҰ-ның ядролық бақылаушысымен (Халықаралық атом энергиясы агенттігі) ынтымақтастықты тоқтатып, агенттікті өзіне қарсы біржақты ұстанымы бар деп айыптаған еді.

АҚШ-тың биылғы әскери шабуылдары Иранның ядролық нысандарын көздеді. Трамп әкімшілігінің өкілдері бұл шабуылдар байыту кешендерін «толықтай жойды» деп мәлімдесе, Иран зардап көлемін даулы деп санайды.

Жексенбі күні үш елдің Тегеранды ядролық міндеттемелерін бұзды деп айыптауының артынан санкциялар он жылдан кейін алғаш рет қайта енгізілді. Бұл шаралар Тегеранның ядролық және баллистикалық зымыран бағдарламаларына қатысты операцияларға тыйым салумен қатар ел экономикасына үлкен әсер етуі күтілуде.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты