ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ вице-президенті: «Иран бұдан былай ядролық қаруға ие емес»
Джей Ди Вэнс «АҚШ-тың соңғы соққылары Иранның ядролық инфрақұрылымын жойды» деп мәлімдеді, ал Трамп Тегеранмен атысты тоқтату келісімін аймақта «жаңа күннің басталуы» деп атады.
АҚШ вице-президенті: «Иран бұдан былай ядролық қаруға ие емес»
/ AP
 

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс дүйсенбі күні АҚШ-тың Ирандағы негізгі ядролық инфрақұрылымды нысанаға алған шабуылдарынан кейін Иранның бұдан былай ядролық қару жасау мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

Вэнс «Fox News»-ке берген сұхбатында: «Біз қазір бір апта бұрынғы жағдайға қарағанда мүлде басқа жағдайда тұрмыз. Бір апта бұрын Иран ядролық қару жасауға өте жақын еді. Енді Иран қолда бар жабдықтармен ядролық қару жасай алмайды, өйткені біз оны жойдық»,- деді.

Вице-президенттің мәлімдемесі президент Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы атысты тоқтату туралы келісімді мәлімдегеннен бірнеше сағаттан кейін жарияланды. Бұл мәлімдеме шамамен екі аптаға созылған тікелей қақтығыстардан кейін шиеленістің бәсеңдеуі ретінде қабылдануда.

«Ертең шын мәнінде жаңа күн, 12 күндік соғыстың аяқталуы. Иранның ядролық бағдарламасының аяқталуы және Таяу Шығыстағы бейбітшілік үшін өте маңызды істің бастауы деп ойлаймын», - деді Вэнс.

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс демалыс күндері Америка күштерінің Израильдің Иранға қарсы әскери шабуылына қосылуымен ушыға түсті. АҚШ Ирандағы үш ядролық нысанға, оның ішінде Фордо жерасты байыту қондырғысына әуеден соққы берген болатын.

Бұған жауап ретінде Иран дүйсенбі күні АҚШ-тың Катардағы Әл-Удейд әуе базасына баллистикалық зымыран ұшырды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Ақ Үй соңғы әскери соққыны Иранның ядролық амбицияларына шешуші соққы және аймақтағы дипломатиялық күш-жігерге түрткі  болатын тірек ретінде сипаттады.

13 маусымнан бастап Израиль ядролық және әскери нысандар мен бейбіт тұрғындарды нысанаға алып, Иран аумағына шабуыл жасаған болатын. Тегеран Израильге қарымта шабуыл жасап, аймақтық соғыстың басталу қаупін тудырды.

Трамптың дүйсенбі күні жариялаған атысты тоқтату келісімі тараптардан әскери операцияларды біртіндеп тоқтатуын талап етеді. Алдымен Иран атысты тоқтатуды бастап, 12 сағаттан кейін Израиль де  атысты тоқтатады.  Атысты тоқтату басталғаннан кейін 24 сағат ішінде қақтығыс ресми түрде аяқталады деп күтілуде.

Ұзақ мерзімді әсерлері белгісіз болса да АҚШ шенеуніктері бұл сәтті маңызды бетбұрыс ретінде сипаттауда.

Іздеу
«2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді