ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
"Түркияның Газадағы атысты тоқтатуда маңызы зор”
АҚШ-тың бір өкілі Трамптың Газадағы жоспарының екінші кезеңіне өтуімен қатар Түркияның Газада атысты тоқтатуды қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарғанын атап өтті.
"Түркияның Газадағы атысты тоқтатуда маңызы зор”
Президент Режеп Тайып Ердоған, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калынның еңбегі жоғары бағаланды. / AP
15 Қаңтар 2026

АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы атысты тоқтату жоспары қарусыздандыру мен қайта құруға бағытталған екінші кезеңге өткен кезде АҚШ-тың бір шенеунігі Анкараның атысты тоқтатуға қол жеткізуге көмектескенін мәлімдеді.

Газадағы жағдай жөнінде журналистерге ақпарат берген және аты-жөнін жариялауды қаламаған екі шенеуніктің бірі: «Президент Трамп бұл үшін үлкен ризашылығын білдіреді», – деді.

Ол сондай-ақ: «Президент Режеп Тайып Ердоған, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын – барлығы бұл үдеріске өте белсенді қатысып, бізбен бірлесіп жұмыс істеді және керемет нәтиже көрсетті. Олардың үлесі аса маңызды болды деп есептейміз», – деп қосты.

АҚШ-тың бұл шенеунігі Трамп әкімшілігінің Түркия мен Израиль арасындағы шиеленіскен қарым-қатынастың қайта қалпына келгенін көргісі келетінін және Вашингтон мұндай өзгерістің мүмкін екеніне сенетінін айтты.

Бұл мәлімдемелер Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Газадағы атысты тоқтатудың екінші кезеңіне өткенін және бұл кезеңде қарусыздандыру, басқару және қайта құру мәселелеріне басымдық берілетінін жариялағаннан кейін жасалды.

Уиткофф “X” әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Екінші кезең Газада уақытша технократиялық палестиналық басқару органы, яғни Газаны басқару жөніндегі Ұлттық комитеттің құрылуын, Газаның толық қарусыздандырылуын және қайта қалпына келтірілуін, сондай-ақ рұқсат етілмеген барлық қарулы тұлғаларды қарусыздандырудың басталуын көздейді», – деді.

Сондай-ақ Уиткофф АҚШ-тың ХАМАС-тан келісім аясындағы барлық міндеттемелерін, соның ішінде «соңғы қаза тапқан тұтқынды дереу қайтаруды» толық орындауын күтетінін айтты. «Егер бұл талаптар орындалмаса, оның салдары өте ауыр болады», – деп ескертті ол.

АҚШ шенеуніктерінің бірі екінші кезеңнің басталуы үдерістегі маңызды бетбұрыс екенін атап өтті.

«Бұл шынымен де өте маңызды, өйткені Газаны қайта дамытуға бағытталған өте жақсы жоспарымыз бар», – деген ол келесі кезең Палестина аумақтары үшін «өте үлкен өзгеріс» әкелетінін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ердоған Трамппен телефон арқылы сөйлескенде Венесуэла мен Газа мәселелерін көтерді
Іздеу
Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»
Әзербайжан мен Армения сауда байланыстарын арттырмақ
Пәкістанда қаза тапқандар саны 250-ге жетті
Ява аралында болған жер көшкіні салдарынан 85 адам қаза тапты
Түркия Суданның егемендігіне қолдауын растады
Украина, Ресей және АҚШ өкілдері Абу-Дабиде кездеседі
Сауд Арабиясы-Түркия инвестициялық форумы өтті
Норвегия премьер-министрі Трамптың НАТО туралы мәлімдемелеріне қарсы шықты
Польшада қару-жарақ қоймасына дрон құлады
Еуропаның тәуелсіздігін күшейтуге үндеді
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ елшісімен кездесті
Сирия қауіпсіздік күштері YPG-мен жасалған келісімге сәйкес Камышлыға кірді
Жапонияда қалың қар салдарынан 30 адам қаза тапты
Түркия президенті Ердоған Сауд Арабиясы мен Мысырға барады
Президент Ердоған Орталық банкке жаңа төраға орынбасарларын тағайындады