ТҮРКИЯ
2 минут оқылды
Президент Ердоған Кувейтте
Кувейтке ресми сапармен барған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Кувейт әмірі шейх Мишал әл-Ахмед әл-Жабир әс-Сабахпен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қатынастармен қатар өңірлік және жаһандық мәселелер талқыланды.
Президент Ердоған Кувейтте
Президент Ердоған Кувейтте / AA
22 Қазан 2025

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израиль мен тойтарыс тобы «Хамас» арасында қол жеткізілген бітімді сақтау аса маңызды екенін атап өтті.

Сейсенбі күні Кувейтке ресми сапармен барған Ердоған ел әмірі шейх Мишал әл-Ахмед әл-Жабир әс-Сабахпен кездесті. Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының хабарлауынша, тараптар екіжақты қатынастармен қатар өңірлік және жаһандық мәселелерді талқылады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған үш елді қамтитын Парсы шығанағы сапарына шықты

Коммуникация басқармасының мәлімдемесінде: «Президент Ердоған Газа секторында қиындықпен қамтамасыз етілген бітімді сақтау аса маңызды екенін, тұрақты бейбітшілік орнату үшін екі мемлекет негізіндегі шешімнің қажеттігін және Ислам әлемінің әрдайым ортақ ұстаным танытуының маңыздылығын атап өтті», - делінген.

Мәлімдемеде президент Ердоғанның «Түркия Сирияның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға және Сирия халқының жарқын болашағын қалыптастыруда бауырлас араб мемлекеттерімен бірге қадам басуға ниетті», - деген сөздері берілген.

Екіжақты қатынастарға қатысты Ердоған Түркия мен Кувейт арасындағы инвестиция, энергетика, сауда және қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы өзара ынтымақтастықтың стратегиялық маңызға ие екенін айтты.

Сондай-ақ мәлімдемеде: «Президент Ердоған терең қатынастарды одан әрі дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті», - делінді.

Ердоған Кувейттің Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі төрағасының өңірлік тұрақтылықты нығайту жолындағы күш-жігерін Түркия ризашылықпен қабылдайтынын, сондай-ақ Түркия мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі арасындағы еркін сауда келісіміне қатысты жүріп жатқан келіссөздердің бауырлас Парсы шығанағы елдерімен сауда байланыстарын дамытуға үлес қосатынын айтты.  

Түркия мен Кувейт арасында төрт келісімге қол қойылды

Түркия мен Кувейт арасында президент Режеп Тайып Ердоған мен шейх Мишал әл-Ахмед әл-Жабир әс-Сабахтың қатысуымен төрт келісімге қол қойылды.

Кувейттегі Баян сарайында екіжақты және делегациялар арасындағы кездесулерден кейін екі ел арасында түрлі келісімдерге қол қою рәсімі өтті.

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігі мен Кувейттің Ішкі істер министрлігі арасында теңіз қатынасы жөніндегі келісімге және теңізшілердің сертификаттарын өзара тану туралы меморандумға Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Кувейттің ішкі істер министрі шейх Фахад Юсуф Сууд әл-Сабах қол қойды.

Энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мен Кувейттің Электр, су және жаңартылатын энергия министрі Субайх Абдулазиз Абдулмохсен әл-Мухаизем қол қойды.

Сондай-ақ Түркия президентінің Инвестициялар басқармасы мен Кувейттің Тікелей инвестицияларды ілгерілету мекемесі арасында тікелей инвестицияларды ынталандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға Түркия инвестиция кеңсесінің төрағасы Ахмет Бурак Даглыоглу және Кувейттің Тікелей инвестицияларды ілгерілету мекемесінің бас директоры шейх Мишал қол қойды.

Бүгін Кувейтте ресми түрде қарсы алынған Ердоған шейх Мишалмен делегациялар деңгейінде келіссөздер жүргізді. Сапар аясында Ердоған Мишалға Түркияның отандық электр көлігі «Togg»-ты сыйға тартты.

Іздеу
Президент Ердоған Оман сұлтанымен кездесті
Түркия мен Катар қорғаныс, сауда және стратегиялық ынтымақтастық келісімдеріне қол қойды
Осман Хамди Бейдің туындысы аукционға қойылды
Президент Ердоған үш елді қамтитын Парсы шығанағы сапарына шықты
Президент Ердоған Парсы шығанағы сапарына дайындалып жатыр
Топрак Разгатлыоглу үшінші рет әлем чемпионы атанды
Президент Ердоған Ерхүрманды жеңісімен құттықтады
Ердоған шақыру тастады
Түрік сүңгуір Шахика Ержүмен Газаға арнаған сүңгуімен әлемдік рекорд орнатты
Түркия-Африка іскерлік және экономикалық форумы ортақ декларациясы жарияланды
Германия Сыртқы істер министрі Түркияға келеді
Түркия елші Мехмет Гүллүоглуны Палестинаға гуманитарлық көмек координаторы етіп тағайындады
Түркия Қорғаныс министрі: «Газа миссиясына дайынбыз»
Түркия мен Индонезия Анкара форумында стратегиялық байланыстарын тереңдетті
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасы парламентінің шешімін құптады
Түркияның 17-ші «Жақсылық кемесі» Газаға аттанды