САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Түркияның рөлін жоғары бағалады
АҚШ президенті: «Президент Ердоған керемет адам. Ол расында да көп көмек көрсетті, өйткені ол өте сыйлы тұлға», – деді.
Трамп Түркияның рөлін жоғары бағалады
Трамп Түркияның рөлін жоғары бағалады / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторында атысты тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізуде Түркияның атқарған рөлін жоғары бағалап, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды «керемет адам» деп атап, Анкараның өңірдегі ықпалына назар аударды.

Мысырда атысты тоқтату үдерісіне арналған халықаралық саммитке аттанар алдында журналистерге берген сұхбатында Трамп: «Түркия да керемет қолдау көрсетті. Президент Ердоған да. Ол шынымен де көп көмек көрсетті, өйткені ол сыйлы тұлға. Ол өте мықты елдің басшысы. Өте, өте мықты армиясы бар және ол көп көмектесті», – деді.

Президент Трамп сондай-ақ атысты тоқтату келіссөздерінде үлкен рөл атқарған Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Сауд Арабиясы, Индонезия және Иордания сияқты бірнеше елдің атын атады.

«Air Force One» ұшағында журналистермен сөйлескен Трамп бұл сапарын «өте ерекше» деп атап, Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келісіміне қатысты күмәнға мән бермейтінін айтты.

«Израиль мен палестиналық тойтарыс  тобы ХАМАС арасындағы қақтығыстың аяқталғанына сенімді ме?» - деген сұраққа Трамп: «Соғыс бітті. Түсіндіңіз бе?» – деп жауап берді.

«Бейбітшілік орнату үшін»

Атысты тоқтатудың жалғасып, жалғаспайтыны жөніндегі сұраққа Трамп: «Менің ойымша жалғасады. Адамдар бұл қақтығыстан шаршады. Бұл жағдай ғасырлар бойы жалғасып келеді», – деді.

Трамптың Таяу Шығыстағы алғашқы аялдамасы Израиль болмақ. Президент Трамп израильдік тұтқындардың отбасыларымен кездесіп, Израиль парламенті  Кнессетте сөз сөйлеуі мүмкін. Одан кейін Трамп Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласына барып, дүйсенбі күні өтетін Шарм-эль-Шейх бейбітшілік саммитіне қатысады.

ҚатыстыTRT Қазақ - “Бейбітшілік саммиті” Шарм-эль-Шейхте

Трамп пен Мысыр президенті Абдул Фаттах әл-Сиси тең төрағалық ететін саммиттің мақсаты -  Газадағы соғысты тоқтату, Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді күшейту және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жаңа кезеңін бастау.

Президент Ердоған саммитке Сиси мен Трамптың шақыруымен қатысады. Бұл ақпаратты жексенбі күні Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Бурханеттин Дуран әлеуметтік желіде хабарлады.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты