ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Росатом: “Қаратеңізде дрон шабуылына ұшыраған контейнерлік кеме суға батты”
«Росатомның» бас директоры Алексей Лихачев мәлімдемесінде «Янина» контейнерлік кемесіне жасалған шабуылға қатысты мәлімет жариялады.
Росатом: “Қаратеңізде дрон шабуылына ұшыраған контейнерлік кеме суға батты”
Росатом: “Қаратеңізде дрон шабуылына ұшыраған контейнерлік кеме суға батты”

Ресейдің мемлекеттік ядролық энергетика корпорациясы «Росатом» құрамындағы “FESCO” компаниясына тиесілі «Янина» контейнерлік кемесі Қаратеңізде ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырағаннан кейін суға батқаны, ал 17 экипаж мүшесінің түгел құтқарылғаны хабарланды.

«Росатомның» бас директоры Алексей Лихачев мәлімдемесінде «Янина» контейнерлік кемесіне жасалған шабуылға қатысты мәлімет жариялады.

Лихачевтің айтуынша, кеме Қаратеңізде екі дронның шабуылына ұшыраған.

«Кеме халықаралық суларда мұздатылған азық-түлік, құрылыс және әрлеу материалдары сияқты азаматтық мақсаттағы жүктерді тасымалдап бара жатқан. Бұл шабуылды қарақшылық пен теңіз қарақшылығынан басқа ештеңе деп бағалау мүмкін емес», – деді ол.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей: «Украинаның порты мен әскери жүк кемесін нысанаға алдық»

Лихачевтің айтуынша, суға бата бастаған кемеден 17 экипаж мүшесінің барлығы құтқарылған.

Оның мәліметінше, экипаждың 16 мүшесін Мысыр азаматы басқаратын Delphinus” кемесі құтқарған. Ал соңғы экипаж мүшесі Ресейдің Қаратеңіз флотының теңіз авиациясы бөлімшелері арқылы жағалауға жеткізілген.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдегі үш түрлі мұнай өңдеу зауытына және Ресей туы астында жүзетін “Янина” контейнерлік кемесіне шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын.

Ұзындығы шамамен 140 метр, ені 22 метр Янина” кемесі 13 мың тонна жүк көтере алады.

Ресейдің Владивосток портына тіркелген кеме Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері және Новороссийск бағыты бойынша қатынап жүрген.

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды