САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иранда уақытша Басшылық Кеңесін құрылды
Сарапшылар кеңесі жаңа рухани көсемді сайлағанға дейін қызмет атқаратын уақытша Басшылық кеңесінің жетекшілігіне Арафи тағайындалды.
Иранда уақытша Басшылық Кеңесін құрылды
Иранда уақытша Басшылық Кеңесін құрылды / AP

ISNA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Әлиреза Арафи Иранның Сарапшылар кеңесі жаңа рухани көсемді сайлағанға дейін елді басқаратын Басшылық кеңестің факих (дін маманы) мүшесі болып тағайындалды.

Конституцияны қорғау кеңесінің діни мүшелерінің бірі болып табылатын Арафи уақытша Басшылық кеңесте президент Месуд Пезешкиан және Сот билігінің басшысы Ғұлам Хусейн Мухсини Эжеимен бірге қызмет ететін болады.

Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи Израиль мен АҚШ-тың шабуылдарында қаза тапқаннан кейін Арафи тағайындалды. Хаменеидің өлімі Төңкеріс сақшылары корпусының кек алу туралы үндеулеріне себеп болған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Мемлекеттік телеарна жексенбі күні 1989 жылдан бері билікте болған 86 жастағы рухани көсемнің қазасынан кейін елде 40 күндік аза тұту жарияланғанын және жеті күн бойы ресми демалыс болатынын хабарлады. Иран Төңкеріс сақшылары корпусы Хаменеидің «қанішерлері» жазаланатынын мәлімдеді.

Иран БАҚ-тары рухани көсемнің қызы, күйеу баласы және немересінің де АҚШ пен Израиль соққыларында көз жұмғанын хабарлады. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Беньямин Нетаньяху сенбі күні Хаменеидің өлгенін мәлімдеген еді.

Иран көсеміне жақын серіктестерімен жиналыс өткізіп жатқанда шабуыл жасалды

АҚШ-тың екі дереккөзі мен бір ресми өкілінің айтуынша, Израиль мен АҚШ сенбі күнгі шабуылды Хаменеидің жоғары лауазымды көмекшілерімен өткізген жиналысына тұспа-тұс келетіндей етіп жоспарлаған.

Израиль Хаменеимен бірге Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Әли Шамхани және Төңкеріс сақшылары корпусының қолбасшысы Мұхаммед Пакпурды қоса алғанда, бірнеше жоғары лауазымды тұлғаның көзі жойылғанын алға тартты. Ирандық екі дереккөз “Reuters” агенттігіне шабуылдар басталмай тұрып аз уақыт бұрын Хаменеидің Шамханимен және Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанимен қауіпсіз жерде кездескенін хабарлады.

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті