ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Украина делегациясы Женеваға аттанды
Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирило Буданов Киевтің мүдделері алдағы келіссөздер алдында міндетті түрде қорғалуы тиіс екенін айтты.
Украина делегациясы Женеваға аттанды
Украина делегациясы Женеваға аттанды / Reuters

Украина делегациясы 17-18 ақпан күндері АҚШ-тың арағайындығымен өтуі мүмкін бейбіт келіссөздерге қатысу үшін Женеваға аттанды. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирило Буданов мәлімдеді.

Буданов дүйсенбі күні «Telegram» желісінде өзі мен делегацияның екі мүшесінің пойыз вагонының алдында түскен фотосуретін жариялап, «Женеваға бара жатырмыз. Келіссөздердің келесі кезеңі бізді күтуде. Жол үстінде әріптестерімізбен тарихымыздан алған тәжірибелерді талқылап, дұрыс қорытындыға келуге тырысамыз. Украинаның мүдделері қорғалуы тиіс», - деп жазды.

Биыл Ресей, Украина және АҚШ қатысқан алғашқы үшжақты қауіпсіздік кездесуінің бірінші кезеңі 23-24 қаңтар күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өткен еді. Бұл кездесуде Мәскеу делегациясын Ресей Федерациясының Бас барлау басқармасының бастығы Игорь Костюков басқарды.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ, Украина және Ресей БАӘ-де кездеседі

Екінші кезең де 4-5 ақпан күндері Абу-Дабиде өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина, Ресей және АҚШ келіссөздерінің екінші кезеңі басталды

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өткен апта Украинадағы реттеу үдерісіне қатысты келесі келіссөздер кезеңі Ресей-АҚШ-Украина үшжақты форматында өтетінін және кездесулер 17-18 ақпан күндері Швейцарияның Женева қаласында ұйымдастырылатынын мәлімдеген болатын.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады